Жамбыл облысында басқарма басшысы парамен ұсталды
АСТАНА. ҚазАқпарат - Жамбыл облыстық әкімдігіне қарасты жердің пайдаланылуы мен қорғалуын бақылау басқармасының басшысы 2 млн теңге пара алғаны үшін ұсталды, деп хабарлайды ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі.
«2018 жылдың 27 шілдесінде аймақтық Жемқорлыққа қарсы қызметінің жасырын тергеу іс-әрекеттерінің нәтижесінде Жамбыл облысы әкімдігінің жердің пайдаланылуы мен қорғалуын бақылау басқармасының басшысы Т. есімді азамат ұсталды», - делінген хабарламада.
Ол Жамбыл облысындағы шаруа қожалықтарының бірінің басшысынан жер телімін тиісінше рәсімдеуге көмектесу үшін 2 000 000 теңге көлемінде пара алды деп күдікке ілініп отыр. Алдында 50 мың АҚШ долларына келісіп, соның 2 млн теңгесін алған болуы мүмкін.
Сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.
Ұқсас жаңалықтар
Қауіпсіздік пен адам құқықтарының арақатынасы қандай?
- 13 сәуір, 2026
Ақпарат
ЖИ: шетелде қалай, бізде қалай?
- 31 наурыз, 2026
Тұрғындарға тегін құқықтық көмек көрсетілді
- 31 наурыз, 2026
Зейнетақы жинағын мерзімінен бұрын алудың талабы қандай?
- 31 наурыз, 2026
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




