Экологиялық талап ескерілуде

Экологиялық талап ескерілуде
ашық дереккөз
Экологиялық талап ескерілуде

Құлан ауылының төменгі жағында індет көзіне айналған қауіпті орын талай жылдан бері жұртшылықты алаңдатып келген еді. Орталық монша аумағындағы Бектембай, Северная және жаңа тұрғын үйлер салынған көшелердің тұрғындары аудан әкіміне келіп: «Орталық аурухананың кәріз қалдықтарынан ағып шығатын лай суды малымыз ішіп өліп жатыр» деп шағымданғалы да он жылдың жүзі болды. Осынау жерасты құбырларымен келіп, айдалаға ағып жатқан былғаныш су Құлан қамалы маңындағы Алакөлге, одан соң Қарасу өзені арқылы Ленинскідегі көлге барып құяды. Бұл туралы кезінде «Ақ жол» газетінде «Құландағы қауіпті орындар» деген проблемалық мақала да жарық көрді. 

Ауданда 2003 жылы зілзала болған кезде бұл жерге шайынды суды тазартып тұратын далалық сусүзгісі кешенін салу жоспарланған болатын. Алайда, сол кезде оған қаражат бөлінбегендіктен жұмыстың он жыл бойы тоқтап қалғаны рас. 2013 жылдың 10 желтоқсанында осынау күрделі құрылысқа мемлекет тарапынан 436 миллион 912 мың 490 теңге қаражат бөлінді. Осы қаржыны тиісті мақсатқа игеру құқығын тендерде «Тараз-Дос» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі ұтып алды. Қазіргі таңда қаржының 42 пайызы игерілді. Мердігершілер су сүзгілері құрылғыларын орнатуды қазан айына дейін аяқтауға уәде беріп отыр. Құрылыс жұмыстары толық аяқталған соң, таза күйіндегі су бірнеше сүзгіден өтеді де көлге жіберіледі. Біз осылайша тұрғындардың көп жылдан бергі талабын орындай аламыз деп ойлаймын. Сержан Мырзаханов, аудан әкімдігі тұрғын үй, коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің басшысы.

Құлан ауылы, Т. Рысқұлов ауданы.

Ұқсас жаңалықтар