Облыстық кәсіподақтар бірлестігі мен «Нұр Отан» партиясы өңірлік филиалы еңбеккер құқығы мен мүдделерін қорғауда бірлесе жұмыс атқармақшы. Өзара іс-қимылды қос тарап екіжақты меморандумға қол қою арқылы белгілеп алды. Бұл меморандум мемлекеттің жекеменшік сектор мен кәсіби бірлестіктердің әлеуметтік серіктестігі негізінде Қазақстанның әлеуметтік-экономикалық жаңғыруына, әлеуметтік-экономикалық және жұмыскердің еңбек құқықтары мен мүдделерін қорғау жүйесінің дамуына ықпал етуге бағытталған. Негізгі мақсат – бірлескен және келісілген әрекеттерді жүзеге асырудағы тараптардың жүйелі өзара іс-қимыл мен конструктивті ынтымақтастығын қамтамасыз ету. «Нұр Отан» партиясы халыққа әлеуметтік қолдау көрсетуді жыл өткен сайын жетілдіруде. Осыған байланысты екі жақ тараптары жұмысшылардың еңбек құқықтары мен мүдделерін қорғау жүйесін дамытуда ортақ келісімге келіп отыр. Алдағы уақытта серіктестік меморандум аясында білікті сарапшылар мен тәжірибелі мамандарды тарта отырып, әлеуметтік мәселелер мен еңбек дауларын бірлесе шешпек ниетте.
Камила Борашова
Ұқсас жаңалықтар
Енді шақыртуға барған әр дәрігерде видео, аудио тіркегіш болады
- 2 желтоқсан, 2025
«Ауыл аманаты» жобасының арқасында мал басы көбейді
- 2 желтоқсан, 2025
Ақпарат
Шаруалардың маңдай тері ақталатын күн жақын
- 25 қыркүйек, 2025
Әлемде транзит үшін бәсеке күшейіп бара жатыр – Тоқаев
- 8 қыркүйек, 2025
Цифрландыру пойыздың кешікпеуіне көмектесе ме?
- 21 тамыз, 2025
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




