Жамбыл облысы әкімінің 2018 жылғы 9 шілдедегі №115-Ж/Қ өкімімен Айтқұлов Қанат Оңғарұлы Жамбыл облысы әкімдігінің мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау басқармасының басшысы-бас мемлекеттік құрылыс инспекторы болып тағайындалды.
Айтқұлов Қанат Оңғарұлы 1967 жылы туған, білімі – жоғары. Алматы сәулет-құрылыс институтын «Өндірістік және азаматтық құрылыс» мамандығы, Технология, құрылыс, баға және сапаны басқару университетін «Бағалаушы» мамандығы, Д.Қонаев атындағы университетін «Құқықтану» мамандығы бойынша бітірген. Еңбек жолын 1992 жылы Жамбыл облысының «Ақ жол» агробірлестігінде құрылыс учаскесінің шебері болып бастаған. 1995-2005 жылдар аралығында коммерциялық ұйымдарда, 2005-2006 жылдары Алматы қаласының мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау және лицензиялау департаментінде лицензиялау бөлімінің басшысы, 2006-2008 жылдары Алматы қаласының мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау және лицензиялау департаменті директорының орынбасары, 2010-2011 жылдары «АСК», «Кайрат и Ко» ЖШС өндірістік базасының басшысы, 2011-2012 жылдары Алматы облысының мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау және лицензиялау департаментінде директордың орынбасары, 2013-2015 жылдары Алматы облысының мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау және лицензиялау департаментінің директоры, 2015 жылы Алматы облысының мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау басқармасының басшысы, 2015-2016 жылдары «TengriCapitalCompany» ЖШС басшысының орынбасары, 2016-2018 жылдары «Промсвязь Алматы зауыты» ЖШС бас директорының орынбасары, 2018 жылдың наурызынан бастап «АЭА Тараз химиялық паркі» АҚ-ның құрылыс-жөндеу жұмыстарын бақылау департаментінің директоры қызметтерін атқарған.
Ұқсас жаңалықтар
Енді шақыртуға барған әр дәрігерде видео, аудио тіркегіш болады
- 2 желтоқсан, 2025
«Ауыл аманаты» жобасының арқасында мал басы көбейді
- 2 желтоқсан, 2025
Ақпарат
Шаруалардың маңдай тері ақталатын күн жақын
- 25 қыркүйек, 2025
Әлемде транзит үшін бәсеке күшейіп бара жатыр – Тоқаев
- 8 қыркүйек, 2025
Цифрландыру пойыздың кешікпеуіне көмектесе ме?
- 21 тамыз, 2025
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




