Облыстық мәслихат аппаратының мемлекеттік әкімшілік қызметшілері мен депутаттары «Қазақстан Республикасының 2015-2025 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясы туралы» мемлекеттік бағдарламасының талаптарын орындау бағытында атқарылған шаруалар жөнінде дөңгелек үстел отырысын өткізді. Басқосу барысында облыстық мәслихат хатшысының 2018 жылғы 20 маусымдағы №38-ө өкімімен бірінші жартыжылдықта мәслихат аппаратында сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне бірнеше бағыттар бойынша ішкі талдау жүргізіліп, нәтижесінде сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар жасауға мүмкіндік туғызатын дискрециялық өкілеттіктер мен нормалар анықталмағанын және сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін ішкі талдау нәтижелері мәслихат аппараты сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бойынша отырыстарында жария талқылауға жол берілетіні туралы айтылды. Дөңгелек үстелде аталған ішкі талдау нәтижесін жан-жақты талқылап, бағдарлама талаптарын орындау жөніндегі іс-шаралар жоспарындағы тапсырмалар мен міндеттер сараланды. Қатысушылар тұрғындар тарапынан сыбайлас жемқорлық көріністеріне төзбеушілікті қалай қалыптастыруға болатынын айтып, пікірлерімен бөлісті. Облыстық мәслихат депутаттары, аппараттың мемлекеттік әкімшілік қызметшілері күн тәртібіндегі мәселені қорытындылай келе, мемлекеттік қызметкерлердің қолданыстағы заңнама нормаларын сақтау және қызметтік міндеттерін тиісті дәрежеде орындауларына қатаң бақылау жүргізілуі туралы тапсырылды.
«Аq jol-Ақпарат».
Ұқсас жаңалықтар
Жол-көлік оқиғасы неге көп?
- 6 қараша, 2025
Тараздағы қоныс колониясынан ақтаулық азамат босап шықты
- 30 қазан, 2025
Ақпарат
Шаруалардың маңдай тері ақталатын күн жақын
- 25 қыркүйек, 2025
Әлемде транзит үшін бәсеке күшейіп бара жатыр – Тоқаев
- 8 қыркүйек, 2025
Цифрландыру пойыздың кешікпеуіне көмектесе ме?
- 21 тамыз, 2025
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




