«Газет – халықтың көзі, құлағы һәм тілі. Адамға көз, құлақ, тіл қандай керек болса, халыққа газет сондай керек»
Ахмет Байтұрсынов

Іс түйінін кадр шешеді

Іс түйінін кадр шешеді
ашық дереккөз
Іс түйінін кадр шешеді

Дүйсенбіде облыс әкімі Кәрім Көкірекбаев облыс активіне Қазақстан Республикасы Президенті әкімшілігінің келісімі және өзінің бұйрығы бойынша жаңадан тағайындалған облыс әкімінің орынбасары Қалижан Серікұлы Әбдірайымовты таныстырды. Кәрім Нәсбекұлы жаңа орынбасарының құзырына облыстың өнеркәсіп саласына, кәсіпкерлікке, шағын және орта кәсіпорындарды дамытып-өркендету ісіне басшылық жасау міндеті жүктелетінін айтты. Ал, Қалижан Әбдірайымовқа аумақта қолға алынуға тиіс іс-шаралардың аса ауқымды екендігін, тек кейінгі үш-төрт жылдың бедерінде ғана аумақта 41 инвестициялық жобаның қолға алынып, оның 29-ының пайдалануға берілгендігін, солардың бірі — күні кеше ғана Мемлекет басшысы телекөпір арқылы іске қосуға рұқсат берген натрий цианидін өндіретін зауыт болып табылатындығын, ал, алдағы кезеңде Тараз химиялық паркі құрамындағы 16 химия кәсіпорнының және басқа да облыстың экономикалық әлеуетін арттыруға мүмкіндік беретін жаңа өндірістік қуаттардың пайдалануға берілетіндігін әрі мұның барлығы да облыс әкімінің жаңа орынбасарының жұмысымен байланысты болатындығын атап көрсетіп, оның жұмысына сәттілік тіледі.

Бұдан кейін облыс әкімінің орынбасары Қалижан Әбдірайымов сөз алып, өзіне сенім артып, жауапкершілік жүктеген облыс әкіміне ризашылығын білдірді. Елбасының жылма-жыл республика халқына арнаған Жолдауларынан туындайтын міндеттердің үдесінен шығуға барлық күш-жігерін жұмылдыратындығын жеткізді.

Сапарғали Әлібай, «Ақ жол».

Әбдірайымов Қалижан Серікұлы

1965 жылы туылған, ұлты – қазақ, білімі – жоғары. 1988 жылы Алматы халық шаруашылығы институтын Экономист мамандығы бойынша бітірген. Әр жылдары Қазақстан Республикасы Экономика, энергетика, индустрия және сауда министрліктерінде, Құрылыс жұмысы комитеті төрағасының орынбасары қызметтерін атқарған. 2004-2008 жылдары Ақтөбе облысы әкімінің аппарат басшысы, Ақтөбе облысы әкімінің орынбасары болған. 2008-2010 жылдары Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігі Мемлекеттік бақылау және аумақтық-ұйымдастыру жұмысы бөлімінің мемлекеттік инспекторы; 2010-2011 жылдары Ақмола облысы әкімінің орынбасары қызметін атқарды. Бүгінге дейін «Қазақстандық тұрғын үй құрылыс корпорациясы» акционерлік қоғамы директорлар кеңесінің төрағасы қызметін атқарып келді.

Ұқсас жаңалықтар