Тараз қаласындағы «Ark MS» қонақ үйінің мәжіліс залында Қазақстан ұлттық телерадиохабар таратушылар қауымдастығы мен «77 TV» телеарнасының қолдауымен БАҚ жетекшілеріне, журналистерге және заңгерлерге арналған «БАҚ туралы заңнамаға қатысты жаңа ережелер және журналистің қызметі» атты семинар өтті. Баспасөз, телеарна, радио және интернет қызметкерлері мен медиазаңгерлерге БАҚ саласын реттейтін заң нормалары таныстырылды. Журналистердің құқықтары мен міндеттері, ақпараттың дұрыстығын тексеру, ақпарат алу жолдары, кез келген сауалға жауап алу тәртібі сынды өзекті сұрақтарға жауап беретін өзгертулер жаңадан енгізілген. Олардың басым бөлігі бұқаралық ақпарат құралдары құқын қорғауға арналған. Қауымдастықтың БАҚ-қа қолдау көрсету орталығының заңгер-көмекшісі Салтанат Қалдыбекованың айтуынша, қоғам дамуына байланысты құжаттарда жаңалықтар болып тұрады – заман талабы. Көптеген қажетті дүниелерге қанығып, құқықтық сауаттарын жетілдіре түскен облысымыздың алыс-жақын аудандарындағы төртінші билік өкілдеріне басқосу соңында семинарға қатысып, дәріс алғаны үшін сертификаттар табыс етілді. Ал қатысушылар тарапынан мұндай іс-шаралар алдағы уақытта да ұйымдастырылып тұрса деген өтініш-тілектер айтылды.
Альмира ОМАРОВА.
Тараз қаласы.
Ұқсас жаңалықтар
Жол-көлік оқиғасы неге көп?
- 6 қараша, 2025
Тараздағы қоныс колониясынан ақтаулық азамат босап шықты
- 30 қазан, 2025
Ақпарат
Шаруалардың маңдай тері ақталатын күн жақын
- 25 қыркүйек, 2025
Әлемде транзит үшін бәсеке күшейіп бара жатыр – Тоқаев
- 8 қыркүйек, 2025
Цифрландыру пойыздың кешікпеуіне көмектесе ме?
- 21 тамыз, 2025
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




