«Нұр Отан» партиясы өзінің қаржылық есептілігін жариялайтын болады
- author «Ақ жол»
- 8 шілде, 2014
- 751
«Нұр Отан» партиясы өзінің қаржылық есептілігін жариялайтын болады. Бұл туралы бүгін «Нұр Отан» партиясының 2015-2025 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бағдарламасының таныстыру барысында «Нұр Отан» партиясы Төрағасының бірінші орынбасары Бауыржан Байбек мәлім етті.
«Бізде, партияда есептілік пен жауапкершілік қағидаты сөз жүзінде емес, нақты іс жүзінде жүзеге асып жатыр. Оның дәлелі ретінде алдағы бір ай бойы біз тарихта тұңғыш рет, жалпы біздің саяси партияларымыздың арасында алғашқы болып өз партиямыздың қаржылық есептілігін жариялайтын боламыз», - деді Б.Байбек.
Оның сөзіне қарағанда, қаржылық есептіліктен соң партия басқа да қайырымдылық қорлары мен үкіметтік емес ұйымдардан жариялылықты талап ете бастайтын болады. «Бұл көлеңкелі экономиканың алдын алуға, сыбайлас жемқорлық құбылысына қарсы күресті жандандыруға септігін тигізеді», - деді партия Төрағасының орынбасары.
Ақпарат көзі: www.kazinform.kz
Ұқсас жаңалықтар
Үздік партияға – үздік кадрлар
- 28 сәуір, 2026
Ақпарат
ЖИ: шетелде қалай, бізде қалай?
- 31 наурыз, 2026
Тұрғындарға тегін құқықтық көмек көрсетілді
- 31 наурыз, 2026
Зейнетақы жинағын мерзімінен бұрын алудың талабы қандай?
- 31 наурыз, 2026
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




