Бағдарлама жобасы - жемқорлыққа төзбеу мәдениетін қалыптастыруға бағытталған саяси құжат - Б. Байбек
- author «Ақ жол»
- 8 шілде, 2014
- 239
Жемқорлыққа қарсы бағдарлама сірескен нормаларға толы құқықтық құжат емес, жемқорлыққа төзбеу мәдениетін қалыптастыруға бағытталған саяси құжат.
Бүгін «Нұр Отан» партиясының 2015-2025 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бағдарламасын әзірлеу жөніндегі жұмыс тобының отырысында «Нұр Отан» партиясы төрағасының бірінші орынбасары Бауыржан Байбек осылай мәлім етті.
Б. Байбектің айтуынша, 2015-2025 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бағдарламасы жобасында партияның мақсаттарынан туындаған жаңа кезеңдегі бағдары көрініс тауып, концептуалдық тың идеялар айқындалған. «Мәселен, тұңғыш рет сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл үшін мемлекетпен қатар, қоғам мен әр азаматтың жауапкершілігі қамтылып отыр. Сонымен қатар, бағдарлама жобасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері қоғамдық бақылауды шынайы күшейту, ақпаратқа қолжетімділікті арттыруға бағытталған заңдар қабылдау қажеттігі көрсетілген», - деді Б. Байбек. Оның сөзіне қарағанда, «Нұр Отан» партиясы жемқорлық деңгейі, коррупциялық құқық бұзушылықтың көрсеткіштері мен іс-қимылдардың тиімділігі, қабылданған құжаттың іске асырылу барысы секілді мәселелерді жүйелі түрде жариялап, оны қоғам назарында ұстауға септігін тигізбек.
«Жалпы бағдарлама сірескен нормаларға толы құқықтық құжат емес, жемқорлыққа төзбеу мәдениетін қалыптастыруға бағытталған саяси құжат. Құжат идеологиялық тұжырымдамалық сипатта әрі қоғам жеңіл қабылдайтын қарапайым тілмен жазылған. «Нұр Отан» партиясы бұл істің жалпыхалықтық сипатта жүзеге асуына барынша мүдделі», - деді Партия Төрағасының бірінші орынбасары.
Оның сөзіне қарағанда, бағдарламаны оңтайлы іске асыру үшін әр бесжылдыққа екі мәрте жол картасын әзірлеу, жыл сайын іс-шаралар жоспарын бекіту көзделіп отыр.
«Аса маңызды құжат бойынша ашық пікір алмасу бастамасын нәтижелі ету - елді бірлікке, ынтымаққа жетелейтіні сөзсіз», - деді Бауыржан Байбек.
Ақпарат көзі: www.kazinform.kz
Ұқсас жаңалықтар
Халықтық сайлау: тиімділік пен мүмкіндік
- 21 қараша, 2024
Аманат жүгі абыройға бастайды
- 19 қараша, 2024
Ақпарат
IQanat – жарқын болашаққа бастайтын жоба
- 28 қазан, 2024
Референдумнан қордайлықтар да қалыс қалмауда
- 6 қазан, 2024
АЭС салсақ - электр энергиясын экспорттаймыз
- 22 қыркүйек, 2024
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді