Қазақстанның елордасы - Астана бүгін 16 жасқа толды

Қазақстанның елордасы - Астана бүгін 16 жасқа толды
ашық дереккөз
Қазақстанның елордасы - Астана бүгін 16 жасқа толды

Еуразия жүрегінде орналасқан Қазақстанның бас қаласы - Астана бүгін, бүгін 6 шілде күні 16 жасқа толды. 1997 жылы егемен Қазақстанның Президенті Н. Назарбаев астананы Алматыдан Ақмолаға көшіру туралы шешім қабылдады. 1998 жылы жаңа елорданың атауы, Астана болып өзгертілді. 1998 жылы ЮНЕСКО-ның шешімі бойынша Астана қаласына «Бейбітшілік қаласы» жоғары атағы беріліп, медальмен марапатталды.

2006 жылы Астана қаласы әкімдігінің қаулысына сәйкес және қалалық мәслихаттың шешімімен мерекеге - Астана күні атауы беріліп, оны атап өту - шілденің 6-сына бекітілді. Ал 2008 жылы «Қазақстан Республикасының мерекелер туралы заңына» енгізілген өзгерістерге сәйкес, шілденің 6-сы - Астана күні мемлекеттік мерекелер тізіміне енді.

Қазір қала аса шапшаң қарқынмен дамып келеді. Кеше Елбасы Астана күніне арналған салтанатты қабылдауда Астананың іс жүзінде 10 жыл ішінде салынған ХХІ ғасырдағы бірден-бір елорда екенін атап өткен болатын.

Астанамыздың туған күнін бірнеше күннен бері Қазақстанның дүйім халқы кеңінен атап өтуде. Бас қаланың туған күніне арналған негізгі мерекелік шаралар елорданың өзінде өткізілуде. Елорда күнінде, яғни 6 шілдедегі мерекелік іс-шаралардың кестесі:

9:00 Шығыс базары

• 10:00 "Кун Әлемі" тұңғыш қалалық саябақтар фестивалі • 10:30 "Шуақты қала" қалалық отбасылық фестивалі • 11:00 "Шаттық" жас таланттар фестивалі • 11:00 «Мыңжылдықтар тоғысындағы Астана» көшпелілер өркениетінің фестивалі • 11:00 "Астана Шаттық" автокеруені • 11:00 "Аспаздың шеберлерінің ұсталығы - сүйікті қалаға" аспаздық фестивалі • 12:00 Неке қию салтанатты рәсімі • 15:00 "Аялаған Астана" Республикалық байқауының гала-концерті • 16:00 "Азия жаңғырығы" цирк өнерінің халықаралық фестивалі • 16:00 "Көңілді Астана" әзіл-сықақ кеші • 17:00 "Астана-Арқау" түркі музыкасының фестивалі • 17:00 "Magic Astana" Халықаралық иллюзионисттер фестивалі • 17:00 "Астана - мечты сбываются" ретро-концерті • 18:00 "Астана-Самалы" үрмелі аспаптар оркестрлерінің халықаралық фестивалі • 19:00 "International Street Dance Session in Astana" көше биі халықаралық фестивалі • 19:00 "Асқақтай бер, Астана!" дискотекасы • 20:00 "Көңілді Астана" әзіл-сықақ кеші • 20:00 "Туған елдегі концерт" атты классикалық музыка кеші • 21:00 «Өзен әуендері» классикалық музыка кештері. • 22:30 4D Mapping-Show (проекциялық шоу) Толығырақ • 23:00 Мерекелік нұршашу!

Ұқсас жаңалықтар