«Газет – халықтың көзі, құлағы һәм тілі. Адамға көз, құлақ, тіл қандай керек болса, халыққа газет сондай керек»
Ахмет Байтұрсынов

Елдіктің еңселі ескерткіші

Елдіктің  еңселі ескерткіші
ашық дереккөз
Елдіктің еңселі ескерткіші

63Облыс әкімі Кәрім Көкірекбаевтың Астана күнімен құттықтауы

Құрметті облыс тұрғындары! Баршаңызды еңселі Елорда – Астана қаласының төл мерекесімен шын жүректен құттықтаймын! Биыл барша Алаш ардақ тұтқан Елордамызға 16 жыл толып отыр. Осынау жылдар ішінде Астана ұлтымыздың рухын көтеріп, санамызға сергек сілкініс әкелді, дамудың жаңа жолына түсті. Мемлекет басшысы Н.Ә.Назарбаевтың батыл шешімінің арқасында Арқа төсінен орын тепкен әсем Астана бүгінде ұлтымыздың символы, Отанымыздың жүрегі, Тәуелсіздігіміздің тірегі. Бүгінгі Астана – тұла бойында Шығыс пен Батыс мәдениетін тоғыстырған, бүкілғаламдық дипломатияның, Еуразия кеңістігіндегі интеграцияның орталығына айналған бірегей қала. Еліміздің бас қаласы әлем елдерінің басшылары бас қосып, жаһандық проблемаларды шешетін, бейбіт бастамаларды іске асыратын халықаралық саясаттың ордасы. Есілдің жағасына ел қондырған әсем Астанамызда Еуропадағы Қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымының саммиті, Әлем діндері көшбасшыларының съездері, Астана экономикалық форумы сияқты шоқтығы биік шаралар өтті. Алда ЭКСПО-2017 халықаралық көрмесі өткелі отыр. Бұл – бүкіл Қазақстанның ортақ жеңісі және халықаралық қауымдастықтың зор сенімінің, Мемлекет басшысының жүргізіп отырған саясатына берілген жоғары бағаның айғағы. Астана – Қазақстан халқының мәртебелі мақтанышы. Оның алдында әлі де көптеген аса ауқымды жоспарлар мен жобалар тұрғандығы сөзсіз. Оларды жүзеге асыруға еліміздің әрбір азаматы өзінің күш-жігерін жұмсауға тиіс. Қадірменді жамбылдықтар! Баршаңызды тағы да еліміздің жүрегі – Астана күні мерекесімен шын жүректен құттықтаймын! Елдік пен тұтастықтың туын көкке көтерген Астана қаласының келешегі кемел, болашағы баянды болсын! Бас қаламыздың ғұмыры ұзақ, шоқтығы биіктей берсін!

Ұқсас жаңалықтар