Қазақстанның құрметті металлургі
Нұрсұлтан Назарбаевқа Қазақстан Республикасының Құрметті металлургі атағының №1 белгісі табыс етілді.
Астана күні мерекесі қарсаңында Қазақстан Республикасының Құрметті металлургі атағының №1 белгісі Нұрсұлтан Назарбаевқа табыс етілді. Бұл марапатты Елбасыға Республикалық тау-кен өндіруші және тау-кен металлургиялық кәсіпорындар қауымдастығының атқарушы директоры Николай Радостовец тапсырды. Қазақстан Республикасының Құрметті металлургі атағының №1 белгісі Нұрсұлтан Назарбаевқа елдің Үдемелі индустриялық-инновациялық даму мемлекеттік бағдарламасын іске асыру бойынша Үкіметтің есебімен танысуы барысында берілді.
«Ақ жол-Ақпарат».
Ұқсас жаңалықтар
Үздік партияға – үздік кадрлар
- 28 сәуір, 2026
Ақпарат
ЖИ: шетелде қалай, бізде қалай?
- 31 наурыз, 2026
Тұрғындарға тегін құқықтық көмек көрсетілді
- 31 наурыз, 2026
Зейнетақы жинағын мерзімінен бұрын алудың талабы қандай?
- 31 наурыз, 2026
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




