Құрметті жамбылдықтар, құрметті сайлаушылар!
Сіздерді Елордамыз – Астана қаласы күнімен шын жүректен құттықтаймын! Астана қаласының мерекесі жалпыұлттық мереке болып табылады. Астана – ел мақтанышы, ол елімізге қалай жаңару, даму, алға басу керектігін паш етіп отыр. Еуразияның кіндігінде орналасқан Астана бүгінгі таңда ықпалдастық идеяларын ілгерілететін, Шығыс пен Батысты, әртүрлі мәдениеттер мен өркениеттерді жақындастыратын орынға айналды. Астананың мәдени және рухани өмірі байып келеді. Қазақстан елордасында мәдениетаралық және дінаралық үнқатысуды насихаттауға бағытталған түрлі халықаралық шаралар өткізілуде. Арманға айналған Астана елдігіміз бен тәуелсіздігіміздің белгісін айшықтай отыра, әлемдік аренада өз орнын таба білді. «Халықтың қуаты бірлікте» деген халық даналығын ескере отырып, жарқын болашақты мақсат тұтып, ортақ үйіміздегі достық пен келісімді нығайта түсейік. Есіл өзенінің жағалауынан бой көтерген әсем қала – Астана гүлдей жайнап, әлемнің көрікті қаласына айналсын! Осы бір тамаша мерекеде баршаңызға зор денсаулық, отбасыларыңызға амандық, бақыт-береке, бірлік, Отанымызға гүлдену мен бейбітшілік тілеймін.
Бағлан Қарашолақов, облыстық мәслихаттың хатшысы.
Ұқсас жаңалықтар
Енді шақыртуға барған әр дәрігерде видео, аудио тіркегіш болады
- 2 желтоқсан, 2025
«Ауыл аманаты» жобасының арқасында мал басы көбейді
- 2 желтоқсан, 2025
Ақпарат
Шаруалардың маңдай тері ақталатын күн жақын
- 25 қыркүйек, 2025
Әлемде транзит үшін бәсеке күшейіп бара жатыр – Тоқаев
- 8 қыркүйек, 2025
Цифрландыру пойыздың кешікпеуіне көмектесе ме?
- 21 тамыз, 2025
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




