Мемлекеттің даму деңгейі, мемлекеттік қызмет саласында жүргізіліп жатқан реформаның табысты болуы мамандардың біліктілігіне тікелей байланысты. Сондықтан салаға кадрларды сапалы дайындау ісі – негізгі бағыттардың бірі. Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің облыс бойынша департаменті бұған баса көңіл бөліп отырған себебі де осы. «Жас мемлекеттік қызметшілер» жобасы осы мақсатта қолға алынған. Жақында Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының облыстық филиалында аталған мектептің алғашқы бітіруші түлектеріне Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі облыс бойынша департаментінің басшысы Мақсұт Нәлібаев арнайы сертификат тапсырды. Бұл мектеп мемлекеттік қызметке сауатты, білімді, жауапты, дарынды, ұйымдастырушылық және көшбасшылық қасиеттері бар жастарды тарту, оқу орындарында алған теориялық білімдерін тәжірибеде бекіту және мемлекеттік органдарда жұмыс істеуге дағдыландыру мақсатында ашылған. – Жобада өзін жақсы көрсеткендердің әрі қарай жұмысқа орналасуына көмек көрсету жағы да қарастырылған. Бұл – «100 нақты қадам» – Ұлт жоспарында көрсетілген кәсіби мемлекеттік аппарат құру бағытында қолға алынған жоспарлы шаралардың бірі. Осы шара алдағы уақытта да жалғасын табады, – деді Мақсұт Ыбырайханұлы. Салтанатты шарада Мемлекеттік басқару академиясының өңірлік филиалы және облыстық жастар саясаты мәселелері басқармасы, Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің облыс бойынша департаменті арасында үшжақты меморандумға қол қойылды.
Ардақ Үсейінова
Ұқсас жаңалықтар
Референдумға қатысу – азаматтық борыш
- 12 наурыз, 2026
Бірлігіміз бекем, Тәуелсіздігіміз тұғырлы болсын!
- 12 наурыз, 2026
Ақпарат
Нарша
- 2 наурыз, 2026
Жамбылдың жауһар жырлары
- 26 ақпан, 2026
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




