Ана болу – бір бақыт. Ал, үш бірдей сәбиді дүниеге әкелген 24 жасар тараздық Эльмира Айтбаеваның қуанышында шек жоқ.
Ағымдағы жылдың 1 шілдесінде қалалық перинаталдық орталығының қызметкерлері өз мерзімінде үш бірдей қыз баланы аман-есен босандырып алды. Үлкені – 2 келі 366 грамм, одан кейінгісі – 2 келі 298 грамм, үшіншісі – 2 келі 118 грамм салмақпен туылған нәрестелердің де, анасының да жағдайы жақсы. Бөбектер алғашқы күннен бастап анасының сүтімен қоректенуде. Эльмира №5 қалалық емханасында есепке тұрып, үнемі дәрігердің бақылауында болған. Соның нәтижесінде жүктілік асқынусыз, қалыпты жағдайда өткен. Бір айта кетерлігі, бұл – жас отбасының алғашқы қуанышы. Отағасы Сұлтан Әбенов пен Эльмира Айтбаева – туған еліне адал қызмет етіп жүрген әскери қызметкерлер. Сәбилер өз дәрежесінде салмақ қосып, толық қалпына келгендерінше қалалық перзентханада медицина қызметкерлерінің бақылауында болады. Ағымдағы жылдың 6 айында осы перинаталдық орталықта 4412 сәби дүние есігін ашып, оның ішінде 33 ана өмірге егіздер әкелген. Ал, Эльмираның үшемі биылғы жыл бойынша екінші айтулы оқиға болып отыр. Балалардың бауы берік болсын!
Толқын Өмірбаева, облыс әкімдігі денсаулық сақтау басқармасы баспасөз орталығының жетекшісі.
Ұқсас жаңалықтар
Тұлғалардың жолданымдары сапалы қаралуы қажет
- 31 наурыз, 2026
Байқаудың облыстық кезеңі аяқталды
- 31 наурыз, 2026
Ақпарат
ЖИ: шетелде қалай, бізде қалай?
- 31 наурыз, 2026
Тұрғындарға тегін құқықтық көмек көрсетілді
- 31 наурыз, 2026
Зейнетақы жинағын мерзімінен бұрын алудың талабы қандай?
- 31 наурыз, 2026
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




