Жамбыл облысы әкімінің өкімімен
облыс әкімдігінің мәдениет, мұрағаттар
және құжаттама басқармасының
басшысы болып Дүйсенәлі Дыбысәліұлы Бықыбаев тағайындалды.
Д. Бықыбаев 1957 жылы туылған, ұлты – қазақ, білімі – жоғары. 1982 жылы Жамбыл мәдени-ағарту училищесін «Мәдени-ағарту қызметкері», 1989 жылы қазақтың С.М. Киров атындағы мемлекеттік университетін тарихшы мамандықтары бойынша бітірген. Еңбек жолын 1977 жылы Луговой ауданының мәдениет бөлімінде киномеханик болып бастаған. 1977-1983 жылдары Луговой аудандық мәдениет бөлімінде автоклуб меңгерушісі, 1983-1986 жылдары облыстық тарихи және ескерткіштер қорғау қоғамының ауданаралық атқару комитетінің хатшысы, Луговой аудандық мәдениет үйінің директоры, 1986-1996 жылдары Меркі, Луговой аудандық мәдениет бөлімдерінің меңгерушісі, 1996-2000 жылдары Луговой ауданы әкімінің орынбасары, 2000-2012 жылдары Т. Рысқұлов аудандық мәдениет үйінің директоры, аудандық мәдениет басқармасының, мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің бастығы, 2012-2013 жылдары Т. Рысқұлов ауданы әкімі аппаратының жетекшісі қызметтерін атқарған. 2013 жылдан бастап облыс әкімдігінің мәдениет, мұрағаттар және құжаттама басқармасы басшысының орынбасары қызметін атқарған.
Ұқсас жаңалықтар
Енді шақыртуға барған әр дәрігерде видео, аудио тіркегіш болады
- 2 желтоқсан, 2025
«Ауыл аманаты» жобасының арқасында мал басы көбейді
- 2 желтоқсан, 2025
Ақпарат
Шаруалардың маңдай тері ақталатын күн жақын
- 25 қыркүйек, 2025
Әлемде транзит үшін бәсеке күшейіп бара жатыр – Тоқаев
- 8 қыркүйек, 2025
Цифрландыру пойыздың кешікпеуіне көмектесе ме?
- 21 тамыз, 2025
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




