Елбасы: Мәңгілік еліміз барда - қазақтың тарихы да мәңгілік
- author «Ақ жол»
- 3 шілде, 2014
- 718
Мәңгілік еліміз барда қазақтың тарихы да мәңгілік. Кеше елорда күні қарсаңында Қазақстан Республикасы Ұлттық музейінің ресми ашылу рәсімі барысында Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев осылай мәлім етті.
«Біздің бабаларымыз Қиыр Шығыс пен Батыс Еуропаның, Сібір мен Үндістанның арасында 4-5 мың жыл бойы айрықша рөл атқарғанын біз тарихтан білеміз. Сақтар мен ғұндар дәуірінен бастау алып, Түркі қағанатымен жалғасқан Қазақ хандығының және бүкіл Тәуелсіз Қазақстанның өткені халқымыздың тұтастығы мен бірлігінің жылнамасы болып саналады. Мәңгілік еліміз барда қазақтың тарихы да мәңгілік»,-деді Н. Назарбаев.
Мемлекет басшысы бұл музей халықтың ұлттық рухын көтеру тұрғысында және елімізді әлемге таныту бағытында белгілі болатынын атап өтті. «Біздің тарихымыз мақтан етуге лайықты. Ерлік пен елдіктің тарихы. Мыңжылдықтар қойнауынан бастау алатын қазақ шежіресі адамзат тарихының ажырамас бөлігі», - деді Президент.
Ақпарат көзі: www.kazinform.kz
Ұқсас жаңалықтар
Үздік партияға – үздік кадрлар
- 28 сәуір, 2026
Ақпарат
ЖИ: шетелде қалай, бізде қалай?
- 31 наурыз, 2026
Тұрғындарға тегін құқықтық көмек көрсетілді
- 31 наурыз, 2026
Зейнетақы жинағын мерзімінен бұрын алудың талабы қандай?
- 31 наурыз, 2026
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




