
Бүгінде қай ақынның қандай өлең жазып жүргенін интернеттен біліп отыратын болдық. «Фейсбук» әлеуметтік желісінде тамаша жырларымен тамсандырып, оқырмандарының ыстық ықыласына бөленіп жүрген жас таланттардың бірі – жамбылдық Мөлдір Райымбекова. Оның өлеңдеріне көптеген пікірлер жазылып, ұнату белгісі қойылып жатады. Мөлдірдің мөлдіреген жырларын мен де тұрақты оқып отырамын. Ақын қарындасыма сәт сапар тілеп, жұлдызың жарық болсын дегім келеді. Мөлдірге арнап жазған бірнеше сонеттерімнің бірін назарларыңызға ұсынамын.
Қара шашын сипап майда жел жібек, Отыр, міне, Мөлдір ақын мөлдіреп. Шығар ертең Парнас тауы шыңына, Қолда қалам, жыр жалауы желбіреп.
Назарымнан тыс қалдырсам ұят-ты, Айналайын кенже қызым сияқты. Өлеңдерін оқып жүрем сүйсініп, Сіміргендей балдай қымыз, шұбатты.
Шерткен сыры бұлақтай-ау, мөп-мөлдір, Жырларында бар табиғат, көктем жүр. Мұңайғанда жадыратар жаныңды, Жақсы өлең де құйылғандай көктен нұр.
Тараздықтар нәзік гүлдей үпілеп, Қосқан қызы жыр бәйгеге үкілеп!
Жұма-Назар Сомжүрек, Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі.
Астана қаласы.
Ұқсас жаңалықтар
Әріптесіміз әдеби байқаудың жеңімпазы атанды
- Бүгін, 05:40
Ой іздесем таулы өлке, қырға барам
- 17 сәуір, 2025
Ақпарат
Ақсақалдар тағылымы – адам қоғамның кепілі
- 18 сәуір, 2025
ҚАЖ қызметкерлері көпбалалы отбасыны қуантты
- 15 наурыз, 2025
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді