Нұрсұлтан Назарбаев Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің төрағасы Алик Шпекбаевты қабылдады. Кездесу барысында Елбасыға агенттіктің мемлекеттік қызмет саласындағы атқарған жұмыстары мен сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бойынша қолданған шаралары жөнінде есеп берді. Нұрсұлтан Назарбаевқа факторлы-баллдық төлем жүйесінің мемлекеттік қызметке енгізілуі жөніндегі пилоттық жобаның іске асырылу барысы туралы да баяндады. Қазақстан Президенті жемқорлыққа қарсы күрестің тиімділігін арттырудың маңыздылығына ерекше назар аударып, тиісті алдын алу шараларын жүргізу қажеттігін айтты. – Барлық салада жемқорлыққа қарсы күрес күшейтілуге тиіс. Біріншіден, тиісті мониторинг жүргізіп, мемлекеттік қызмет көрсетуді цифрлық форматқа көшіру жұмыстарын жалғастыру қажет. Екіншіден, мемлекеттік қызметшілердің жалақысы жөніндегі мәселені шешу керек. Үшіншіден, басшылықтың жауапкершілігін арттыру маңызды, – деді Мемлекет басшысы. Кездесу барысында Алик Шпекбаев жемқорлыққа қарсы саясатты жүзеге асыру жолында қолданылып жатқан шаралар мен оны халықаралық сарапшылар қоғамдастығының бағалау нәтижелері туралы мәлімет берді. Кездесу қорытындысы бойынша Нұрсұлтан Назарбаев бірқатар нақты тапсырма берді.
Ұқсас жаңалықтар
Референдумға қатысу – азаматтық борыш
- 12 наурыз, 2026
Бірлігіміз бекем, Тәуелсіздігіміз тұғырлы болсын!
- 12 наурыз, 2026
Ақпарат
Нарша
- 2 наурыз, 2026
Жамбылдың жауһар жырлары
- 26 ақпан, 2026
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




