Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев 6 маусымда Қытайға мемлекеттік сапармен барады деп хабарлады Қытай Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Лу Канг. Назарбаев 6-10 маусым күндері Қытайдың Циндао қаласында өтетін Шанхай ынтымақтастық ұйымы (ШЫҰ) мемлекет басшыларының кезекті кездесуіне қатысады. Кездесуге Ресей президенті Владимир Путин, Қырғызстан президенті Сооронбай Жээнбеков де қатысады деп жоспарланған.
Лу Кангтің айтуынша, Иран президенті Хассан Роухани жиынға бақылаушы ретінде қатысады.
ШЫҰ 2001 жылы Шанхайда Қазақстан, Қырғызстан, Қытай, Ресей және Тәжікстанның бастамасымен құрылған. 2017 жылы маусымда Астанада өткен ШЫҰ саммитінде ұйымға Үндістан мен Пәкістан қосылған. Иран да ұйымға тұрақты мүше болып қосылуға ниетті. Дереккөз: Zhasalash.kz
Ұқсас жаңалықтар
Үздік партияға – үздік кадрлар
- 28 сәуір, 2026
Ақпарат
ЖИ: шетелде қалай, бізде қалай?
- 31 наурыз, 2026
Тұрғындарға тегін құқықтық көмек көрсетілді
- 31 наурыз, 2026
Зейнетақы жинағын мерзімінен бұрын алудың талабы қандай?
- 31 наурыз, 2026
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




