«Газет – халықтың көзі, құлағы һәм тілі. Адамға көз, құлақ, тіл қандай керек болса, халыққа газет сондай керек»
Ахмет Байтұрсынов

Осал санат тағы сот талғандардың сот төрелігіне қол жеткізуі жақсарса

Осал санат тағы сот талғандардың  сот төрелігіне қол жеткізуі жақсарса
ашық дереккөз
Осал санат тағы сот талғандардың сот төрелігіне қол жеткізуі жақсарса

Адам құқықтарын қорғау саласында сот жүйесі және азаматтық қоғам арасындағы ынтымақтастықты нығайту аса маңызды. Сондай-ақ бас бостандығынан айыру және шектеу орындарындағы осал топтардың сот төрелігіне қолжетімділігін арттыру өте өзекті. Бұл халықаралық стандарттар жүйесінде көрсетілген. Осы және өзге де мәселелер талқыланған орталық Азиядағы халықаралық түрме реформасы «PRI» жобасы аясындағы оқыту семинарына «Қазақстандағы сот реформасын қолдау: осал санаттағы сотталғандардың сот төрелігіне қол жеткізуін жақсарту мақсатында, азаматтық қоғам ұйымдарының əлеуетін арттыру» тақырыбы арқау болды.

Шараға Қазақстандағы Еуропалық одақ және Орталық Азиядағы халықаралық түрме реформасы өкілдіктері (PRI) ұйытқы болғанын айта кету керек. Оған Қазақстан Республикасының Жоғарғы сотының өкілдері, Жамбыл, Оңтүстік Қазақстан және Қызылорда облыстарының судьялары, адвокатура, азаматтық қоғамның және басқа да мүдделі мемлекеттік органдардың өкілдері қатысты. Жаттықтырушылар ретінде құрметті отставкадағы судья ҚР Жоғарғы Соты жанындағы сот төрелігі академиясының, судьялар мен сот жүйесі қызметкерлерін қайта даярлау және біліктілігін арттыру (орталықтың) институтының бұрынғы басшысы Дәния Қисықова, сондай-ақ Ұлыбританиядан халықаралық сарапшы судья Ян Карстен шақырылып, лекция оқыды. Сот тәжірибесінің талдауы Қазақстан соттарының жаза тағайындау тәжірибесінде бірқатар ілгерілеу байқалатынын көрсетіп отыр. Соның бірі – бас бостандығынан айыру түріндегі және жазалаудың баламалы шараларын пайдаланбауға оралу үрдісі. Семинарда ұсынылған бағдарламалар осал санаттағы азаматтарға қатысты ұлттық заңнаманы және халықаралық стандарттарды ескере отырып тағайындалатын жазалардың артық қатыгездік жағдайларын тоқтатуға және бас бостандығынан айыру түріндегі жазадан босатудан негізсіз бас тартуға, судьяларға көмек көрсетуге бағытталған. – Бұл облысымызда өтіп жатқан осындай ең бірінші семинар деп айтуға болады. Азаматтық қоғам мен судьялар кездесіп, бір-бірімен ой бөлісіп, пікір алмасты. Семинарда осал топтың құқығын қорғау мәселесі қозғалды. Оған кәмелетке жетпеген балалар, аяғы ауыр әйелдер, емізулі баласы бар аналар және жасы 58-ден асқан әйелдер, 63-тен асқан ер кісілер, одан бөлек мүгедектер жатады. Сот өзінің ісін қарастырғанда осы санаттағылардың жағдайын ескере отырып, шешім қабылдауы тиіс. Ол үшін қандай заң тармақтарына жүгіну керек, нені назарға алғаны жөн? Бұл басқосуда мамандар осы сауалдарға бірлесе жауап іздеді. Қатысушылардың арасында Ұлыбританиядан келген халықаралық сарапшы, судья Ян Карстен өзінің ойын айтып, пікірімен бөлісті. Семинарға өңіріміздің және Оңтүстік Қазақстан, Қызылорда облыстарының судьялары, одан бөлек азаматтық қоғам, адам құқығын қорғайтын қоғамдық бірлестіктер, сотталғандардың құқықтарын қорғайтын қоғамдық бақылау комиссиясының мүшелері қатысуы аталған шараның маңыздылығын көрсетеді, – деді семинарға қатысушы облыс бойынша жазаны орындайтын мекемелерде адам құқығы жөнінде мониторинг жүргізетін қоғамдық байқау комиссиясының төрағасы Ғабит Әйтенов өзінің пікірімен бөлісіп.

Камила БОРАШОВА

 

Ұқсас жаңалықтар