«Газет – халықтың көзі, құлағы һәм тілі. Адамға көз, құлақ, тіл қандай керек болса, халыққа газет сондай керек»
Ахмет Байтұрсынов

«Атамнан қаштым, апамнан қаштым...»

«Атамнан қаштым, апамнан қаштым...»
ашық дереккөз
«Атамнан қаштым, апамнан қаштым...»

Ротасы мен командирінен қашқан жауынгер қолға түсті

Жақында алпыс оғы бар автоматты олжалаған қатардағы жауынгер өңіріміздегі әскери бөлімдердің бірінен қашып кеткен. «Оңтүстік» өңірлік қолбасшы­лығының қолбасшысы Талғат Қойбақовтың айтуынша, инженерлік-саперлік бригаданың қатардағы жауынгері Ернар Қабышев 30 маусым күні түнде белгіленген уақытта байланысқа шықпаған. Күзет бастығы тексеріп шыққан кезде сарбаздың қызмет орнында жоқ екені анықталған. Қашқын оқ өткізбейтін кеудешесі мен темір телпегін тастап, 60 патроны бар автоматты өзімен бірге ала кеткен. Жедел түрде ұйымдастырылған іздеу шараларының нәтижесінде аумақ қоршауға алынып, барлық әскери бөлім із кесуге жұмылдырылған. Алматыдан иісшіл иттері бар бөлімше мен 2 тікұшақ көмекке тартылған. Бұл сақтық шараларының бәрі қашқын қолында қауіпті қару болғандықтан жасалды. Соның нәтижесінде Алматыға кетуді ұйғарған қашқын сағат 19.00 шамасында қолға түскен. Қашқынның уәжі бойынша, рота командирі оған тым жоғары талап қойған, сол себепті сарбаздың ары қарай қызмет еткісі келмеген. Бірақ, жарғыдағы талаптан тыс жағдай болғанын дезертир де, оның қызметтестері де жоққа шығарды. Қабышев борышын аяқтауына бар болғаны 3 ай қалған болатын. Енді оның үш жылдан жеті жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін. Өйткені, оның үстінен «Қашқындық» бабымен қылмыстық іс қозғалды.

«Ақ жол-Ақпарат».

Ұқсас жаңалықтар