Алпысбай ЖҰМАХАНОВ, «Пионер» өндірістік кооперативінің төрағасы:
– Сенат отырысында қабылданған жаңа заң осыған дейінгі гу-гу әңгімеге нүкте қойды. Онымен танысу барысында құжатта халық игілігіне жарайтын тараулардың барына қуандық. Әсіресе жер ешқашан шетелдіктерге сатылмайтыны, жалға берілмейтіні, шекаралық жерлерде ешбір шетелдік компаниялар жерге қатысты қызмет ете алмайтыны халықтың алаң көңілін орнына түсірді. Өйткені тіршілігін жер-Анамен байланыстырған қазақ үшін одан айрылудан асқан қасірет жоқ. Онда, тіпті 1 пайыз болса да шетелдік үлесі бар заңды тұлғаларға жер мүлде берілмейді деп нақты көрсетілуі – көпшілік көңілінен шығары сөзсіз. Мен ұзақ жыл бойы мал шаруашылығымен айналысып келемін. Жайылымдық жер болмаса, мұндай ұзақ тәуекел ете алмайтыным бесенеден белгілі. Жердің жетіспеушілігін туындататын жайттардың бірі – үлкен көлемдегі алқаптардың бір адамның иелігіне өтіп кетуі. Бұл ретте, жаңа заңда жерлердің үлкен көлемде «бір қолға» берілуін болдырмауға баса назар аударылған. Осы мақсатта құжатта әр облыстың әкімшілік аудандарында ауыл шаруашылығы жерлерінің шектік мөлшерін белгілеу көзделген. Сондай-ақ бір адамға берілетін алқаптың көлемі мәслихаттар мен әкімдіктердің бірлескен ұсынысы арқылы шешілетіні көңілге медеу болып отыр. Халықтық талқылау кезінде ауылдық елді мекен төңірегінде мал жаятын жайылымдық жерлердің жетіспейтіні де мәселе болып көтерілген еді. Расында, ауыл маңындағы жайылымдық жерлердің біразы жекенің қолына өтіп кетуіне байланысты тұрғындар малын жаятын жер таппай, абдырап қалған. Нәтижесінде, төрт түлік көше бойын жағалап кетті. Ол өз кезегінде ауыл сәніне сызат түсірді. Өйткені мал тал-бұтаны түгел талғажау етті. Осы жайт заңда ескеріліпті. Енді жеке және заңды тұлғаларға беріліп кеткен жерді қайтару, мемлекеттік мұқтажға жатқызу бағытында жұмыстар жүргізілмек екен. Бұл, әрине құптарлық іс. Осындай негізгі мәселелердің түйінін тарқатқан заң ел үшін пайдалы. Әсіресе шаруалардың шаш-етектен жиылған мәселелерін шешеді деген сенім мол.
Ұқсас жаңалықтар
Енді шақыртуға барған әр дәрігерде видео, аудио тіркегіш болады
- 2 желтоқсан, 2025
«Ауыл аманаты» жобасының арқасында мал басы көбейді
- 2 желтоқсан, 2025
Ақпарат
Шаруалардың маңдай тері ақталатын күн жақын
- 25 қыркүйек, 2025
Әлемде транзит үшін бәсеке күшейіп бара жатыр – Тоқаев
- 8 қыркүйек, 2025
Цифрландыру пойыздың кешікпеуіне көмектесе ме?
- 21 тамыз, 2025
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




