«Газет – халықтың көзі, құлағы һәм тілі. Адамға көз, құлақ, тіл қандай керек болса, халыққа газет сондай керек»
Ахмет Байтұрсынов

Адамның өмірге деген көзқарасын өзгертетін кітаптар

Адамның өмірге деген көзқарасын өзгертетін кітаптар
ашық дереккөз
Адамның өмірге деген көзқарасын өзгертетін кітаптар
Ғұлама ғалым болу үшін он кітап оқу жеткілікті. Тек сол ондықты табу үшін жүзедеген кітапты оқуға тура келеді. Соңғы жылдары өмірді өзгертетін, психологиялық дағдарыстан шығарып, күйзелістен шығу әдістерін қарастыратын, бақытты әрі көңілді шақтардың көп болуы үшін қадам-қадаммен кеңес беретін кітаптарды оқу сәнге айналды. Олай болса, Baq.kz ақпарат агенттігі әлемнің әр түкпірінде оқырмандардың көңілінен шыққан психологиялық жанрдағы кітаптар топтамасын ұсынады. Өміріңізді өзгертем десеңіз, мархабат!

«Кітапты өртеуден асқан қылмыс бар. Мысалы, оны оқымау» - Рэй Брэдбери

  1. «Hygge. Секрет датского счастья», Майк Викинг

БҰҰ статистикасына сәйкес, даниялықтар — ғаламшардағы ең бақытты адамдар. Олардың «хюгге» атты өз құпиясы бар екен. Данияда қолдағы барға қанағат етіп, әр сәтті бағалау қасиетін осылай айтады. Бақытты сезіну үшін көп нәрсе қажет емес: таңғажайып атмосфера, жылулықты сезіну, тыныштық пен жайлылық үйлесімділігі. Майк Викинг қарапайым заттар арқылы «дат хюггесін» қалыптастыруға кеңес береді.

  1. «Икигай», Эктор Гарсиа и Франсеск Миральес

«Игигайыңызды» таптыңыз ба?.

Окинава аралындағы кішкентай ауыл тұрғындары ұзақ өмір сүреді екен. Кітап авторлары тұрғындардың бұлай ұзақ жасау себебін анықтау мақсатында аралға қарай аттанады. Мәселе дұрыс тамақтану мен режимде емес. Ұзақ өмір сүретін адамдар өмірде өз игигайын тапқан. Жапонның сөзін қазақшаға аударсақ, «иги» – өмір, «гай» – себеп. Яғни, өмір сүру үшін себеп болуы тиіс. Ұйқыдан қуанып оянғанда өзіңнің не үшін тұрғаныңды білсең, өмірің мәнді әрі сәнді болады екен.

  1. «Большая книга о счастье», Лео Борманс

Бақытқа жету жолын зерттеген ең үлкен еңбек. 50 елдің 100 эксперт-психологы әртүрлі адамдарды бақытқа бөлейтін жолдарды қарастырып, анықтайды. Бұл кітаптан бақытқа жету үшін қанша ақша керегін, жеке өмір әлде қызмет маңызды екенін, әр елде бақытқа жетудің әртүрлі әдісі бар екені туралы жазылған. Ең бастысы, бақытты болуға үйрену керектігін, яғни бақытты болуды қалау қажеттігін түсінуге болады.

  1. «Эссенциализм. Путь к простоте», Грег МакКеон

Уақыт пен күш – шектеулі ресурстар. Демек, ол ресурстарды керексіз дүниеге, сіз үшін қызық емес кездесулер мен адамдарға шығындамау керек. Психолог МакКеон оқырмандарға «эссенциализм» түсінігін таныстырады. «Аз болса да, саз болсын» деген принциппен жүрсеңіз кез келген бастамаңыз нәтижелі болатынын айтады.

  1. «Голубые зоны на практике», Дэн Бюттнер

Бұл кітаптың арқасында денсаулығыңызды дұрыстап, өміріңіздің мәнін түсінуіңіз мүмкін. Саяхатшы Дэн Брюттнер ұзақ уақыт бойы әлемнің әр бұрышындағы (Окинава, Сардиния, Икария, Калифорния) адамдардың тамақтану тәртібі мен өмір сүру салтын зерттеген. Өз үйіңізде ұнайтын тіршілік жасау үшін практикалық әдіс-тәсілдерімен бөліседі.

  1. «Как начать жить и не облажаться», Екатерина Хорикова

«ВОС» сайтын құрған Екатерина Хорикова жиырма жастағы адамдарға проблема шешудің оңтайлы әдістерін жазады. Ата-анамен қалай тамақтану керек, жұмыста өзін қалай ұстауы керек, дұрыс қоштасу, денсаулыққа жауапкершілікпен қарау сынды сұрақтарға жауап жазады. Әртүрлі кедергілерден шығуды үйренесіз.

  1. «Магическая уборка», Мари Кондо

Мари Кондо бала кезінен қуыршақпен айнаудың орнына үй жинағанды ұнатқан. Бүгінде ол тәртіп бойынша сұранысқа ие консультант. «Конмари» атты тазалау, жинау жүйесін құрған. Бұл кітапты оқығанға дейін үйіңізді әрдайым таза деп есептеген болсаңыз, оқыған соң олай еместігіне көз жеткізесіз. Кондо үйдегі артық заттармен қалай қоштасу керегін айтады. Сонда ғана үйіңізде сізді бақытқа, қуанышқа бөлейтін орын табылады.

  1. «Антихрупкость», Нассим Николас Талеб

Белгісіздік пен бейберекетсіздік билейтін бұл әлемде адамдардың жолы болған. Кездескен кедергілерге төтеп беріп, бір шара қолдану – табиғатымыздан берілген қасиет. Талеб ісің оңға баспай, берекесі қашқан кезінде қандай қабілеттің керек екенін және оған жауап берудің жолдарын айтады. Финанс, мансап жолында өсу, саяхат. Денсаулық және өмірге дұрыс көзқарас қалыптастырудың кеңестерімен бөліседі.

Дереккөз: baq.kz

Ұқсас жаңалықтар