«Газет – халықтың көзі, құлағы һәм тілі. Адамға көз, құлақ, тіл қандай керек болса, халыққа газет сондай керек»
Ахмет Байтұрсынов

Билік пен бұқара арасындағы алтын көпір

Билік пен бұқара арасындағы алтын көпір
ашық дереккөз
Билік пен бұқара арасындағы алтын көпір

Құрметті байланыс және ақпарат қызметкерлері! Қадірменді қаламгер қауым! Сіздерді кәсіби мерекелеріңіз – Байланыс және ақпарат қызметкерлері күнімен шын жүректен құттықтаймын! Бұл – бүкіл еліміз үшін маңызы зор, мәні бөлек мереке. Себебі, бұқаралық ақпарат құралдары мен байланыс саласы кез келген мемлекеттің дамуында айрықша орын алады. Алаштың ардақтысы Міржақып Дулатов «Қай елдің баспасөзі мықты болса, сол елдің өзі де мықты» дегенді айтқанда дәл осыны меңзеген. Сіздердің тәуелсіз Қазақстанның ақпараттық кеңістігінің қалыптасуы мен нығаюына, еліміздің саяси тұрақтылығын, экономикалық жағынан шарықтап дамуын, әл-ауқатының айтарлықтай жақсаруын жан-жақты насихаттауға қосып отырған үлестеріңіз зор. Сіздер ел Президенті, Ұлт Көшбасшысы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың жасампаз идеяларының төңірегіне қоғамды топтастыру, ұлтты ұйыстыруға зор үлес қосып келесіздер. Халық сіздерге сенеді, сіздерге құлақ асады. Сіздер билік пен бұқараның арасындағы алтын көпір, дәйекті дәнекерсіздер. Облыс журналистері, редакция ұжымдары, облыс экономикасының қазіргі ахуалы, Елбасы Жолдауына сәйкес атқарылып отырған істер, жаңа жұмыс орындарының ашылуы, білім, денсаулық, мәдениет саласындағы оң өзгерістерді жұртшылыққа шынайы және әділетті түрде көрсетіп келесіздер. Облыста қазіргі таңда 48 бұқаралық ақпарат құралы жемісті жұмыс істеуде. Олардың өз оқырмандары, көрермендері мен тыңдармандары бар. Бұқаралық ақпарат құралдарының әрқайсысының көзқарасы әр бөлек, ұстанған бағыт-бағдары әртүрлі. Бірақ біздің бәріміздің мақсат-мүддеміз бір. Ол – жасампаз бүгініміз бен кемел келешегіміз үшін белсене қызмет ету, халыққа шынайы ақпарат жеткізу. Сондықтан өңір журналистері алдағы уақытта да жақсылықтың жаршысы болып, мемлекеттілігіміздің нық сенімін насихаттай беретіндеріне сеніміміз мол. Құрметті ақпарат құралдарының өкілдері! Сіздерді тағы да шын жүректен құттықтай отырып, дендеріңізге саулық, отбасыларыңызға амандық тілеймін. Әрдайым шығармашылық табыстың көкжиегінен көріне беріңіздер!

 Жеделхат   

«Ақ жол» газетінің бас редакторы К. Сәттібайға

Құрметті Көсемәлі Сәттібайұлы!

Сізді және Сіз жетекшілік ететін шығармашылық ұжымды кәсіби мерекелеріңіз – Баспасөз күнімен құттықтаймын. Егемен еліміздің алдында тұрған биік мақсаттарға қол жеткізуге, ұлттық құндылықтарымызды байыта түсуге қайратты да қуатты қалам арқылы үлкен үлес қосып келесіздер. Осынау ізгілікті істеріңіз жемісті болып, шығармашылық табыстарға жете беріңіздер!

Құрметпен, Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты Серік ҮМБЕТОВ

Ұқсас жаңалықтар