Саясат
Мемлекет басшысы Корея Республикасының Сыртқы істер министрімен кездесті
- author «Ақ жол»
- 17 сәуір, 2018
- 545
Мемлекет басшысы Корея Республикасының Сыртқы істер министрімен кездесті
Кездесу барысында тараптар ынтымақтастықтың өзекті мәселелерін және екі ел арасындағы сауда-экономикалық қарым-қатынастардың даму перспективаларын талқылады.
Нұрсұлтан Назарбаев Корея Республикасының Сыртқы істер министріне ілтипат білдіріп, екіжақты байланыстардың сенімді сипатқа ие болып отырғанын атап өтті.
Корея Республикасының Сыртқы істер министрі кездесуге мүмкіндік бергені үшін ризашылық білдіріп, Қазақстан астанасынан алған әсері жөнінде айтты.– Астана мен Сеул арасында сенімге негізделген достық қатынас орнап, экономикалық ынтымақтастық қарқынды дамып келеді. Экономикалық және гуманитарлық өзара ықпалдастықтың көптеген мәселелері шешімін табуда. Сіздердің Орталық Азияда жүргізіп жатқан белсенді жұмыстарыңызды қолдаймыз, – деді Қазақстан Президенті.
Кездесуде сыртқы істер ведомствосының басшысы Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаевқа Корея Республикасының Президенті Мун Чже Иннің ыстық ықыласын жеткізді.– Бұл – Қазақстанға және Астанаға жасаған алғашқы сапарым. Мен үшін сапарымның елордаларыңыздың 20 жылдығын мерекелеу қарсаңында өтуінің мәні зор. Осы кезең ішінде Астана дамудың үлкен жолынан өткеніне тәнті болдым, – деді Кан Гён Хва.
– Президент Мун Чже Ин 25 жыл ішінде елдеріміз арасында қалыптасқан берік негізге сүйене отырып, ықтымақтастығымызды одан әрі дамытуға және нығайта түсуге ниетті, – деді Кан Гён Хва.
Ұқсас жаңалықтар
Енді шақыртуға барған әр дәрігерде видео, аудио тіркегіш болады
- 2 желтоқсан, 2025
«Ауыл аманаты» жобасының арқасында мал басы көбейді
- 2 желтоқсан, 2025
Ақпарат
Шаруалардың маңдай тері ақталатын күн жақын
- 25 қыркүйек, 2025
Әлемде транзит үшін бәсеке күшейіп бара жатыр – Тоқаев
- 8 қыркүйек, 2025
Цифрландыру пойыздың кешікпеуіне көмектесе ме?
- 21 тамыз, 2025
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




