
Елбасы Н.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында қоғамдық сананы жаңғырту және шиеленісушіліктің алдын алу мақсатында даулар мен жанжалдарды соттан тыс тәртіппен шешу бойынша облыстық сот пен «Жамбыл облыстық кәсіподақтар орталығы» аумақтық кәсіподақтар бірлестігі арасында өзара әріптестік туралы меморандумға қол қойылды. – Медиация – қазақ қоғамында қалыптасқан үрдіс. Татуластыру рәсімдері ертеректегі билер институтынан бастау алады деп айтуға болады. Негізгі бітімгершілік рәсімдерді қолданудың нақты бағыт-бағдары «Қазақстан – 2050» Стратегиясында, «100 нақты қадам» – Ұлт жоспары, «Рухани жаңғыру» бағдарламасында көрініс тапқан. Ондағы мақсат – қоғамда болып жатқан дау-жанжал, шиеленістің бәрін бұрынғы аталарымыздан қалған билер институтын дамытып, сотқа жеткізбей, соттан тыс шешу, – деді облыстық соттың азаматтық және әкімшілік істері жөніндегі аппеляциялық сот алқасының төрағасы Жомарт Рүстембеков. Осы екіжақты келісім облыстағы бірқатар бітімгершілік істердің бастауы болары анық. Алдағы уақытта құжат негізінде аумақтық кәсіподақ бірлестіктері базасында «Татуласу орталығы» ашылады. Қазірдің өзінде оған дайындық басталып та кеткен. Мамандар даярлау, сапалы қызмет көрсету деңгейін көтеру бағытында атқарылатын жұмыстар жөнінде аумақтық кәсіподақтар бірлестігінің төрағасы Мейрамбек Төлепберген айтып өтті.
Камила БОРАШОВА
Ұқсас жаңалықтар
Ақпарат
Ақсақалдар тағылымы – адам қоғамның кепілі
- 18 сәуір, 2025
ҚАЖ қызметкерлері көпбалалы отбасыны қуантты
- 15 наурыз, 2025
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді