Түзеу мекемесіндегі түсіндіру жұмысы

Түзеу мекемесіндегі түсіндіру жұмысы
ашық дереккөз
Түзеу мекемесіндегі түсіндіру жұмысы

Жуырда Тараз қалалық әділет басқармасының ұйытқы болуымен ЖД-158/4 және ЖД-158/7 қылмыстық атқару жүйелерінің ғимаратында «Әділет кеңес береді» атты акция өтті. Оған аталмыш басқарма басшысының орынбасары Н. Ақынбекова, облыстық адвокаттар алқасы, облыстық нотариаттық палатасы, облыстық Сот актілерін орындау және Қылмыстық атқару жүйесі департаменттерінен арнайы мамандар келіп қатысты.

Бүгінгі таңда, жеке және заңды тұлғалардың жылжымайтын мүлікке қатысты құқықтары «Бірыңғай нотариаттық ақпараттық жүйе» арқылы тіркеледі. Меншік иелері (құқық иесі) жылжымайтын мүліктеріне қатысты нотариатты шарт жасаса, сол бойынша іс-әрекетті нотариус жылжымайтын мүлікке меншік құқығын тіркеу рәсімдерін электронды түрде бір тәулік ішінде жүргізеді. Аталған электронды тіркеудің қолайлы тұсы: жеке және заңды тұлғалар жылжымайтын мүлікке қатысты құқықтарын тіркеу үшін халыққа қызмет көрсету орталықтарына барудың, кезекте тұрудың, сондай-ақ, қажетті құжаттар жинаудың және тіркеу мерзімін күтудің қажеті жоқ. Акция барысында осы жайларға қатысты мәселелер кеңінен түсіндірілді. Сотталушылар өз тараптарынан толғандырған сұрақтарын ортаға салды. Оған сала мамандары толыққанды жауап қайтарып, сотталушыларға құқықтық кеңестер берді.

Гүлнәр Тілеуова, Тараз қаласы әділет басқармасының жылжымайтын мүлікті тіркеу бөлімінің бас маманы.

Ұқсас жаңалықтар