«Газет – халықтың көзі, құлағы һәм тілі. Адамға көз, құлақ, тіл қандай керек болса, халыққа газет сондай керек»
Ахмет Байтұрсынов

Сыбайластықтың салдары ауыр

Сыбайластықтың салдары ауыр
ашық дереккөз
Сыбайластықтың салдары ауыр

Сыбайластық әрекеттер – қоғамның дамуына кедергі келтіретін негізгі фактор. Ол экономиканың өсімін төмендетеді, әлеуметтік мәселелерді туындатады. Ал осы жағдайлардың бәрі елдің ішкі және сыртқы саясатына әсер етеді. Тіпті ұлттық қауіпсіздік мүдделеріне қауіп төндіруі де мүмкін.

«Сыйлық» алып құныққан мемлекеттік басқару құрылымдарындағы лауазымды қызметкерлер өздеріне тапсырылған қызмет мүмкіндіктерін жеке бастарының пайдасы мен мүддесі үшін кез келген әрекетке барады. Мұндай сыбайластық әрекеттер заң бойынша жазаланады. Барлық мемлекеттік органдар мен лауазымды тұлғалар жемқорлық әрекетке жол бермеуі керек. Заңға сәйкес олар өздерінің құзыреті шегінде сыбайлас жемқорлықпен күрес жүргізуге міндетті. Сыбайлас жемқорлықпен күресу үшін халықтың құқықтық сауатын ашып, түсіндіру жұмыстарын жүргізу керек. Қазақстан Республикасы Конституциясын және басқа да заңдарын сақтау, басқа азаматтардың құқықтарын, бостандықтарын, абыройы мен қадір-қасиетін құрметтеу – әрбір азаматтың парызы. Сыбайлас жемқорлықпен күресудің аса маңыздылығын түсіне отырып, басқарма басшылығы, құқықтық қамтамасыз ету бөліміне сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-шараларды жыл бойына ұйымдастырып отыруды міндеттеген. Басқарма мамандар арасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәдениетін қалыптастыруға көп көңіл бөледі. Осы мақсатта мекеме ішінде дөңгелек үстел отырыстары мен түсіндіру және тәрбие жұмыстары жүргізіліп келеді. Бұл – біздің Қазақстан Республикасының 2015-2025 жылдарға арналған Сыбайлас жемқорлыққа қарсы жаңа стратегиясының орындалуына, еліміздің бүкіл әлемдік қауымдастықтың белсенді мүшесі болуына қосатын үлесіміз.

Шолпан Досымбекова, облыс әкімдігінің құрылыс, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының бөлім басшысы

Ұқсас жаңалықтар