Тараздағы 2011 жылғы 12 қарашадағы М.Қариев жасаған аты шулы терракты кезінде полиция капитаны Ғазиз Байтасов ерлік танытып, өзінің өмірімен жауап беруінің арқасында ғана нүкте қойылды. Мұны халық біледі. Білген соң да батырдың туған күнін жадыларынан шығармай, жыл сайын асқан құрметпен еске алады. Биыл да солай болды.
Ғ.Байтасов тірі болғанда 3 сәуірде 47 жасқа толар еді. Халық Қаһарманының туған күніне орай ІІД алдындағы Даңқ алаңындағы батырдың бюсті маңында еске алу митингісі ұйымдастырылды. Оған облыстық ІІД басшылығы мен жеке құрамы, ішкі істер органдарының ардагерлері мен батырдың отбасы қатысты. Жиналғандар Ғ.Байтасовтың ескерткішіне гүл шоқтарын қойып, бір минут үнсіздік жариялады. ІІД бастығы полиция генерал-майоры Тлеген Маткенов, ішкі істер органдарының ардагерлер ұйымының төрағасы, запастағы полиция полковнигі Өрнекбай Смаилов халық жадында өшпейтін ерлікті тағы бір еске салып өтті. Батырдың жары Гүлжамал Тәжиева ерін ұмытпай ардақтап отырған еліне алғысын білдірді. Соңынан митингіге қатысушылар ІІД-ның мұражайында болып, ондағы Ғазиз Байтасовқа арналған бұрышпен танысты.
Шынар САҒИЕВА
Ұқсас жаңалықтар
Қазіргі қазақ прозасы не айтқысы келеді?
- 4 желтоқсан, 2025
Қазақ өлеңіне қолдау мен құрмет
- 1 желтоқсан, 2025
Ақпарат
Шаруалардың маңдай тері ақталатын күн жақын
- 25 қыркүйек, 2025
Әлемде транзит үшін бәсеке күшейіп бара жатыр – Тоқаев
- 8 қыркүйек, 2025
Цифрландыру пойыздың кешікпеуіне көмектесе ме?
- 21 тамыз, 2025
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




