Жалпы, егістік алқаптарынан тұрақты түрде жоғары сапалы өнім алу үшін топыраққа қосымша тыңайтқыштар енгізу агротехникалық іс-шаралардың маңызды бір бөлігі болып саналады. Ал агроөнеркәсіп нысандарының минералды тыңайтқышқа деген қолжетімділігін арттыру мақсатында Үкімет тарапынан арнайы бағдарлама қарастырылғаны белгілі. Енді минералды тыңайтқыштар Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 6 сәуірдегі «Тыңайтқыштардың құнын (органикалық тыңайтқыштарды қоспағанда) субсидиялау қағидаларын бекіту туралы» бұйрығына сәйкес субсидияланатын болады.
2018 жылға субсидияланатын тыңайтқыштар түрлерінің тізбесі және тыңайтқыштарды сатушыдан сатып алынған тыңайтқыштардың 1 тоннасына (килограмына, литрiне) арналған субсидиялардың нормалары облыс әкімдігінің 25 қаңтардағы №15 қаулысымен бекітілді. Атап өтерлік бір жай, биылдан бастап тыңайтқыштардың құнын (органикалық тыңайтқыштарды қоспағанда) субсидиялау үдерісі толық автоматтандырылған жүйеге көшіріліп отыр. Ереже талаптарына сәйкес, минералды тыңайтқыштарға өтінім «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорация» коммерциялық емес акционерлік қоғамы, сондай-ақ «электрондық үкіметтің» www.еgov.kz веб-порталы, ал субсидиялау үдерісі minagro.kz сайтындағы Қазақстанның Агроөнеркәсіптік кешенінің электрондық қорлары мен ақпараттық жүйелері порталы арқылы жүзеге асырылады. Порталға тіркелу үшін интернет жүйесінің, ауыл шаруашылық құрылымының электрондық цифрлық қолтаңбасы мен электрондық поштасы болуы шарт. Минералды тыңайтқыштарды алу үшін қажетті көлемі Ауыл шаруашылығы министрлігінің ресми интернет-ресурсында орналастырылған тыңайтқыштарды ғылыми енгізу нормалары негізінде есептеліп, тиісті тараптар арнайы жеткізушілермен келісімшартқа отырады. Субсидия алуға өтінім де келісімшарт негізінде жасалады. Жалпы облыс бойынша 2018 жылы жергілікті бюджет есебінен 800,0 миллион теңге қаражат қарастырылып, 18,2 мың тонна минералды тыңайтқыш алу жоспарланып отыр. Ақпараттық-коммуникациялық қызмет көрсету жөніндегі қызметтерді сатып алу барысында, баға сұранысын зерделеу тәсілімен тыңайтқыштар құнын (органикалық тыңайтқыштарды қоспағанда) субсидиялау үдерісін толық автоматтандыру бойынша «Ақпараттық-есептеу орталығы» акционерлік қоғамы жауапты болып саналады. Қазіргі таңда ереже талаптарына сәйкес, субсидияланған минералды тыңайтқыш алу жұмыстарын ұйымдастырып, электрондық жүйеде тіркеу, өтінім беру мәселелері бойынша түсіндірме жұмыстары жүргізілуде. Сонымен қатар мемлекеттік жер кадастрының деректеріне сәйкес шаруашылық субъектілерінің ауыл шаруашылығы мақсатындағы барлық егістік жерлерінің электрондық картасын қалыптастыру қажет. Жүйеде тіркелу, алқаптардың электронды картасын енгізу және минералды тыңайтқыштар алуға өтінім қалыптастыру барысында туындаған мәселелермен «Ақпараттық-есептеу орталығы» акционерлік қоғамы Жамбыл бөлімшесіне 8-7262-34-53-49 байланыс телефоны арқылы хабарласуларыңызға болады.
Нурилан СҮЛЕЙМЕНОВА, облыс әкімдігі ауыл шаруашылығы басқармасының егін шаруашылығы бөлімінің бас маманы
Ұқсас жаңалықтар
Ақпарат
IQanat – жарқын болашаққа бастайтын жоба
- 28 қазан, 2024
Референдумнан қордайлықтар да қалыс қалмауда
- 6 қазан, 2024
АЭС салсақ - электр энергиясын экспорттаймыз
- 22 қыркүйек, 2024
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді