Жамбыл облысы прокурорының аға көмекшісі ұсталды
Жамбыл облысын прокурорының аға көмекшісі пара алды деген күдікпен ұсталды, - деп хабарлайды Бас прокуратураның баспасөз қызметі.
"29 наурызда Бас прокуратураның Ішкі тергеу департаменті қызметкерлерімен Жамбыл облысы прокурорының аға көмекшісі Д. Әбдіхалық және бұрын сотты болған А. Өтешбаев ұсталды. Д.Әбдіхалық 1,2 миллион теңге мөлшеріндегі параны А. Өтешбаев арқылы алуға оқталғаны үшін күдікті. Ақшалай қаражат Тараз қаласындағы ЖД-158/2 мекемесінде жазасын өтеп жатқан сотталғанды қауіпсіздігі барынша төмен мекемеге ауыстыру (қоныс колониясы) мәселесін шешу үшін берілмек болған", - деп хабарлады ведомстводағылар.
Прокуратура мәліметінше, қазіргі таңда екеуі де ұсталып, Тараз қаласындағы ІІБ-ның уақытша ұстау изоляторына жеткізілді. Іс бойынша тиісті тергеу жұмыстары жүргізіліп жатыр.
Қосымша ақпарат тергеуге байланысты жария етілмейді. Дереккөз: tengrinews.kz
Ұқсас жаңалықтар
Дропперліктен аулақ бол!
- 6 желтоқсан, 2025
Тараптар арасындағы дау медиациямен шешіледі
- 6 желтоқсан, 2025
Ақпарат
Шаруалардың маңдай тері ақталатын күн жақын
- 25 қыркүйек, 2025
Әлемде транзит үшін бәсеке күшейіп бара жатыр – Тоқаев
- 8 қыркүйек, 2025
Цифрландыру пойыздың кешікпеуіне көмектесе ме?
- 21 тамыз, 2025
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




