Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» атты Жолдауында ел дамуының жаңа кезеңіне бастар жолды айшықтап беріп отыр. Дамыған 30 елдің қатарына қосылу үшін атқарылуы тиіс 10 міндетті алдымызға қойды. Жаңа тарихи кезеңде аталған міндеттерді жүзеге асырудың маңызы зор. Себебі құжатта көрсетілген негізгі бағыттар – Қазақстанның жарқын болашағына жол ашатын негізгі факторлар. Соның ішінде, білім берудің жаңа сапасын айқындайтын «Адами капитал – жаңғыру негізі» атты жетінші бағыты ендігі жерде ұстаздар қауымының басты бағдары болатыны анық.
Осы жетінші бағытта педагогтерді оқыту және олардың біліктілігін арттыру жолдарын қайта қарауды алға тартқан Елбасы ол үшін еліміздің университеттеріндегі педагогикалық кафедралар мен факультеттерді дамыту қажеттігін атап өтті. Расында да, қазіргі кезде ғылым мен техника қарқынды дамып келеді. Соған сай оқытушылар біліктілігін көтеру қажет. Бұл тұрғыда инновациялық әдіс-тәсілдердің берері мол. Техниканың артықшылықтарын сабақ барысында тиімді пайдалануымыз қажет. Меніңше, өзгерістерге бейімделіп, жаңа сапалы білімді меңгеруде оқу-әдістемелік семинарларды өткізудің өзектілігі жоғары. М.Х.Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университетінің Гуманитарлық-әлеуметтік ғылымдар факультеті оны өз тәжірибесінде қолданып келеді. Жуырда факультеттің инновациялық менеджері Л.Омарқұлованың ұйымдастыруымен «Оқу үрдісіндегі инновациялық әдіс-тәсілдердің рөлі» атты аймақтық оқу-әдістемелік семинар өтіп, оған қаладағы бірқатар орта мектептер мен Жамбыл политехникалық колледжі және Тараз мемлекеттік педагогикалық университетінің оқытушы, ұстаздары қатысты. Аталмыш семинарда факультеттің барлық кафедрасындағы оқытушылар өздерінің үздік жұмыстарын көрсетіп, тәжірибелерімен бөлісті. Сондай-ақ біздің университет үш тілде білім беруге көшуде. Соның айқын мысалы ретінде оқу орнындағы барлық факультеттерде үш тілде білім беретін топтардың ашылып жатқанын айтуға болады. Келешекте университетте білім алып жатқан студенттеріміздің үш тілді еркін меңгерген кәсіби білігі жоғары маман атанарына сенеміз. Бір сөзбен айтқанда, «Өзінің тарихын, тілін, мәдениетін білетін, сондай-ақ заманына лайық, шет тілдерін меңгерген, озық әрі жаһандық көзқарасы бар қазақстандық біздің қоғамымыздың идеалына айналуға тиіс» деген ел Президентінің үміті қазірдің өзінде ақталып жатқанына қуанамыз әрі сол бағытта жұмыс істеуге барымызды саламыз.
Жанат Айнақұлова, М.Х.Дулати атындағы ТарМУ-дың аға оқытушысы
Ұқсас жаңалықтар
Халықтық сайлау: тиімділік пен мүмкіндік
- 21 қараша, 2024
Аманат жүгі абыройға бастайды
- 19 қараша, 2024
Ақпарат
IQanat – жарқын болашаққа бастайтын жоба
- 28 қазан, 2024
Референдумнан қордайлықтар да қалыс қалмауда
- 6 қазан, 2024
АЭС салсақ - электр энергиясын экспорттаймыз
- 22 қыркүйек, 2024
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді