Наурыз айының соңғы жексенбісінде мәслихаттардың шығып қалған депуттарының орнына сайлау өтеді. Облыстық аумақтық сайлау комиссиясының төрағасы Махметғали Сарыбеков оның «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Конституциялық заңының 101-бабының 4-тармағына сәйкес жүргізілетінін жеткізді. – Бұл шараны әзірлеу мен өткізудің күнтізбелік жоспары бекітіліп, жарияланып қойды. Сайлау Жуалы аудандық мәслихатының сайлау жөніндегі №2, Т.Рысқұлов аудандық мәслихатын сайлау жөніндегі №12, Мойынқұм аудандық мәслихатын сайлау жөніндегі №4 сайлау округтері бойынша өтеді. Сайлау үш мандаттық орынға жүргізіледі. Жоспарға сәйкес 2018 жылдың 25 қаңтары мен 25 ақпаны аралығында кандидаттар ұсынылған болатын. Жуалы мен Т.Рысқұлов аудандарында 3, Мойынқұмда 4 кандидат тіркелген. Үміткерлердің үшеуі «Нұр Отан» партиясының, қалған жетеуі өзін-өзі ұсынып, додаға түсуде, деп мәлімдеді өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте комиссия төрағасы. Махметғали Нұрғалиұлы 5 наурызда тиісті әкімдер сайлаушылардың тізімдерін акт бойынша сайлау комиссияларына тапсырғанын мәлімдеді. Атап айтсақ, Жуалыда 1980, Т.Рысқұловта 2666, Мойынқұмда – 1432 сайлаушы тізімге енгізілгені белгілі болып отыр. Осыған орай 1 пайыздық резервпен 6140 бюллетень дайындалуда екен. Ол бюллетендер 23 наурыз күні тиісті учаскелік сайлау комиссияларына жеткізіледі. Қазіргі таңда үміткерлер күнтізбелік жоспарға сай үгіт жұмыстарын жүргізуде. Облыстық аумақтық сайлау комиссиясы төрағасының айтуынша, әзірге сайлау туралы заңнамаларды бұзу фактілері бойынша арыз-шағым түспепті.
Жанғазы АХМЕТ
Ұқсас жаңалықтар
Енді шақыртуға барған әр дәрігерде видео, аудио тіркегіш болады
- 2 желтоқсан, 2025
«Ауыл аманаты» жобасының арқасында мал басы көбейді
- 2 желтоқсан, 2025
Ақпарат
Шаруалардың маңдай тері ақталатын күн жақын
- 25 қыркүйек, 2025
Әлемде транзит үшін бәсеке күшейіп бара жатыр – Тоқаев
- 8 қыркүйек, 2025
Цифрландыру пойыздың кешікпеуіне көмектесе ме?
- 21 тамыз, 2025
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




