Құрметті жамбылдықтар!
Сіздерді Ұлыстың ұлы күні – әз Наурыз мерекесімен құттықтаймыз! Наурыз мейрамы – ежелден жаңару мен жасампаздықтың, жақсылық пен жарастықтың, ырыс пен берекенің арқауы, шаттық пен шапағаттың, қайырымдылық пен ізгіліктің бастауы. Елбасы, партия Төрағасы Нұрсұлтан Назарбаев атап өткендей, «Ұлыстың ұлы күні – көңілде кірбің қалмай қауышатын, түсіністікпен табысатын күн». Наурыз мейрамы қазақстандықтар үшін халықтық мерекеге айналып, бірлік пен ынтымақтың, саяси тұрақтылықтың нығаюына негіз болды. Бүгінде ұлттың бірлігі, қоғамдағы бейбітшілігін, келісімін нығайтқан көп ұлтты Қазақстан барлық ұлттармен, ұлыстармен тату өмір сүруде. «Нұр Отан» партиясының саяси Доктринасында көрсетілгендей, халқымыздың қасиетті құндылығы тәуелсіздік – баға жетпес байлығымыз. Партия «Ұлы Дала қазынасы» партиялық бағыты бойынша ұлттық дәстүр мен төл мәдениетті дәріптеуге және жас ұрпақты рухани тәрбиелеуге бағытталған кешенді іс-шаралар жүргізіп, ауқымды істер атқарып келеді. Құрметті жерлестер! Ұлыстың ұлы күні баршаңызға берекесі мен бірлігін, елімізге ырысы мен ынтымағын, тыныштығы мен жақсылығын әкелсін! Ақ мол болсын, жыл жемісті болсын, ардақты ағайын!
«Нұр Отан» партиясы облыстық филиалының Саяси кеңесі
Ұқсас жаңалықтар
Енді шақыртуға барған әр дәрігерде видео, аудио тіркегіш болады
- 2 желтоқсан, 2025
«Ауыл аманаты» жобасының арқасында мал басы көбейді
- 2 желтоқсан, 2025
Ақпарат
Шаруалардың маңдай тері ақталатын күн жақын
- 25 қыркүйек, 2025
Әлемде транзит үшін бәсеке күшейіп бара жатыр – Тоқаев
- 8 қыркүйек, 2025
Цифрландыру пойыздың кешікпеуіне көмектесе ме?
- 21 тамыз, 2025
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




