Таразда атыс болып, бірнеше адам жарақаттанды
Тараздағы атыс салдарынан бірнеше адам жарақаттанды, деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі «Хабар 24» арнасына сілтеме жасап.
Бұл оқыс оқиға 16 наурыз күні болған. Облыстық ішкі істер департаментіндегілер ресми ақпаратты дүйсенбі күні ұсынатындарын айтып отыр. Алайда, қазір белгілі болғандай, жұмы күні түнгі сағат 22.00 шамасында бірінші қалалық ауруханаға жедел жәрдем қызметі оқ жарақаты бар жас жігітті жеткізген. Жарты сағат өткен соң дәл осындай жарақатпен тағы бір ер адам жеткізілген.
«Бір жас жігіт сол жақ жамбасының төменгі бөлігіне оқ тию жарақатымен келіп түсті, ал екіншісі сол жақ аяғынан оқ жарақатын алған. Барлық қажетті емдеу шаралары жүргізілді. Жарақат алғандарға хирургиялық ота жасалып, тұрғылықты мекенжайы бойынша амбулаториялық емдеуге жіберілді. Олар бұл жағдай қалай және не болғаны жайлы айтқан жоқ. Тек, біреуі 5-ші, екіншісі 7-ші шағын ауданда белгісіз біреулердің оқ атуынан жарақаттанғандарын айтты», - деді №1 аурухана бас дәрігерінің орынбасары Ербол Ордабеков.
Дереккөз:baq.kz
Ұқсас жаңалықтар
Қауіпсіздік пен адам құқықтарының арақатынасы қандай?
- 13 сәуір, 2026
Ақпарат
ЖИ: шетелде қалай, бізде қалай?
- 31 наурыз, 2026
Тұрғындарға тегін құқықтық көмек көрсетілді
- 31 наурыз, 2026
Зейнетақы жинағын мерзімінен бұрын алудың талабы қандай?
- 31 наурыз, 2026
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




