Тағайындау
Жамбыл облысы әкімінің 2018 жылғы 15 наурыздағы №52-Ж/Қ өкімімен Аралбекова Қарлығаш Әмірқызы Жамбыл облысы әкімдігінің туризм басқармасының басшысы болып тағайындалды Аралбекова Қарлығаш Әмірқызы 1977 жылы туған, білімі – жоғары. 2000 жылы әл- Фараби атындағы Қазақ мемлекеттік ұлттық университетін «халықаралық экономикалық қатынастар» мамандығы бойынша бітірген, 2003 жылы Абай атындағы Алматы университетінің экономика (қаржы және несие) магистрі біліктілігі мен академиялық дәрежесі берілді.
Еңбек жолын 2003 жылы Алматы қаласында «Аlex Stewart International Corporation» ЖШС-да менеджер болып бастаған. 2004 жылдың шілде-желтоқсан айлары аралығында «Бетта Стар» ЖШС-ның несие менеджері, 2005 жылдың қаңтар-желтоқсан айлары аралығында «Алматы Құс» АҚ-да несие менеджері, 2005-2009 жылдары «АТФ Банк» АҚ-ның Шағын және орта бизнес департаментінің бас маманы, басқарма бастығы, өңірлік менеджері, «АТФ Банк» АҚ-ның Талдықорған қаласындағы филиалының директоры, 2009-2012 жылдары «Альянс Банк» АҚ-ның Шағын және орта бизнес департаментінің басқарма бастығы, департамент бастығы, 2012-2015 жылдары «Альянс Банк» АҚ-ның және «Банк ЦентрКредит» АҚ-ның Тараз қаласындағы филиалдарының директоры, 2015-2017 жылдары Жамбыл облысы кәсіпкерлер палатасының директоры, 2017-2018 жылдары Жамбыл облысы әкімдігінің кәсіпкерлік және индустриалды-инновациялық дамыту басқармасының басшысы қызметтерін атқарған.
Ұқсас жаңалықтар
Енді шақыртуға барған әр дәрігерде видео, аудио тіркегіш болады
- 2 желтоқсан, 2025
«Ауыл аманаты» жобасының арқасында мал басы көбейді
- 2 желтоқсан, 2025
Ақпарат
Шаруалардың маңдай тері ақталатын күн жақын
- 25 қыркүйек, 2025
Әлемде транзит үшін бәсеке күшейіп бара жатыр – Тоқаев
- 8 қыркүйек, 2025
Цифрландыру пойыздың кешікпеуіне көмектесе ме?
- 21 тамыз, 2025
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




