Жыл басынан бері облыс әкімі А. Мырзахметовтің тапсырмасымен егістік жерлердің көлемін арттырып, жұмысын тоқтатқан кәсіпорындарды қайта іске қосу шаралары қолға алына бастағаны белгілі. Осыны негізге алған өңір басшысы кеше облыстық әкімдікте өткен жиында ауыл шаруашылығы және кәсіпкерлік саласын дамыту картасын әзірлеу жұмыстарының барысын талқыға салып, алдағы міндеттерді жан-жақты саралады.
Жалпы, облыс ауыл шаруашылы-ғындағы 4 миллион гектардан астам жердің 788 мың гектары егістік алқаптарына тиесілі екен. Әзірге оның 15 мың гектары игерілмей жатыр. Сондай-ақ 213 мың гектар алқап та жайылымға ауысып кеткен. Осы мәселелерді жіпке тізгендей баяндаған жауапты тұлғалар құнарлы әрі суландыру жүйесіне жақын орналасқан жерлерді шаруаларға қайтару мәселесін сөз етті. Сонымен қатар жайылымдық жерінің көлемі тиісті нормадан асып кеткен шаруалардың да мәселесі жіті назарға алынатыны туралы айтылды. Жиын кезінде облыстағы бірқатар өнеркәсіп ошақтарының өз жүктемесінен шыға алмай отырғандығы сөз болды. Кәсібін кеңейтіп, өндіріске өз үлесін қосуға ниеттілерге шикізаттың жетіспеушілігі, инфрақұрылым мен технологиялық жабдықтау ісіндегі олқылықтар, қайта өңдеу және өнімді өткеру сынды мәселелер кедергі келтіруде. Сондықтан жаңа өндіріс орындарын ашумен қатар, тұралаған кәсіпорындарды қалыпқа келтіру жұмыстарына да басымдық берілмек. Басқосу соңында облыс әкімі салалық басқарма басшыларына ауыл шаруашылығы мен кәсіпкерлікті дамыту картасының қажетті ақпараттармен қамтамасыз етіліп, жан-жақты талдаулар жүргізуі қажеттілігін ескертті. Мұнан бөлек, өңірде агробизнесті дамытудың 4 жылдық жобасы әзірленетіндігі айтылды. Сәйкесінше, бұл карта өңірдің экономикалық әл-ауқатын жақсартып, агробизнестің дамуына өз септігін тигізбек.
Облыс әкімінің баспасөз қызметі
Ұқсас жаңалықтар
Халықтық сайлау: тиімділік пен мүмкіндік
- 21 қараша, 2024
Аманат жүгі абыройға бастайды
- 19 қараша, 2024
Ақпарат
IQanat – жарқын болашаққа бастайтын жоба
- 28 қазан, 2024
Референдумнан қордайлықтар да қалыс қалмауда
- 6 қазан, 2024
АЭС салсақ - электр энергиясын экспорттаймыз
- 22 қыркүйек, 2024
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді