Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев елімізге жұмыс сапарымен келген Иордания Королі Абдалла ІІ-мен кездесті. Кездесу барысында сауда-экономикалық, инвестициялық, ғылыми-техникалық және мәдени-гуманитарлық салалардағы екі жақты ынтымақтастықты одан әрі дамыту перспективалары талқыланды. Нұрсұлтан Назарбаев пен Абдалла ІІ халықаралық күн тәртібіндегі өзекті мәселелер жөнінде де пікір алмасты. Қазақстан Президенті екі ел және олардың көшбасшылары арасында өзара сенімге негізделген жақын қарым-қатынас қалыптасқанын айтты. Бұл ретте ол Иорданияның жалпы Таяу Шығыста маңызды рөл атқаратынын атап өтті. Абдалла ІІ Қазақстанға келуге шақыртуы үшін алғысын айтты, сондай-ақ еліміздің көп жылдар бойғы, соның ішінде сириялық босқындар мәселесі бойынша көрсеткен қолдауы үшін Нұрсұлтан Назарбаевқа иордан халқы атынан ризашылығын білдірді. Екі Мемлекет көшбасшылары өзара ықпалдастықтың әлеуетін жүзеге асырудың маңыздылығын атап өтіп, осы бағытта басымдығы бар бірқатар шараларды қарастырды.
«Ақ жол-Ақпарат».
Ұқсас жаңалықтар
Үздік партияға – үздік кадрлар
- 28 сәуір, 2026
Ақпарат
ЖИ: шетелде қалай, бізде қалай?
- 31 наурыз, 2026
Тұрғындарға тегін құқықтық көмек көрсетілді
- 31 наурыз, 2026
Зейнетақы жинағын мерзімінен бұрын алудың талабы қандай?
- 31 наурыз, 2026
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




