Жер-дүние құлпырып, ерекше күйге енетін көктемнің алғашқы күні Мемлекет басшысының шешімімен «Алғыс айту күні» болып бекігені бекер емес. Наурыз – ежелден жаңару, жаңғыру кезеңі, мейірім мен ізгілік айы екені анық.
«AQ JOL» газеті «Наурыз – ізгілік айы» акциясына бастамашы бола отырып, облыс жұртшылығын қайырымдылық жасауға үндейді. Шараның мақсаты, әлеуметтік жағынан аз қамтылған жандарды демеу. Осыған орай, редакция қызметкерлері аймақтағы тұрмысы төмен, қолдауға мұқтаж жандардың тізімін тиісті мекемеден арнайы алып отыр. Оларға көмек қолын созуға ықыласты азаматтарды (87262) 43-17-11 (редакция) телефонына хабарласуды сұраймыз. Шүкір, бізде қолы ашық, жомарт азаматтар аз емес. Көпшілігі жасаған қайырымдылығын жұртқа жария қылуды қажет етпейді. Десе де жақсының жақсылығын айта отырып, оларды замандастарына үлгі етсек, сөкеттігі жоқ болар. Мейірімге зәру қоғамымызды осылайша ізгілендіре түссек, несі айып?! Ендеше, сауапты іске жұрт болып жұмыла кіріссек, игі еді. «AQ JOL» газетінің редакциясы
Ұқсас жаңалықтар
Қазіргі қазақ прозасы не айтқысы келеді?
- 4 желтоқсан, 2025
Қазақ өлеңіне қолдау мен құрмет
- 1 желтоқсан, 2025
Ақпарат
Шаруалардың маңдай тері ақталатын күн жақын
- 25 қыркүйек, 2025
Әлемде транзит үшін бәсеке күшейіп бара жатыр – Тоқаев
- 8 қыркүйек, 2025
Цифрландыру пойыздың кешікпеуіне көмектесе ме?
- 21 тамыз, 2025
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




