Облыс әкімі Асқар Мырзахметов Ауыл шаруашылығы министрінің орынбасары Ерлан Нысанбаевпен және Су ресурстары комитетінің төрағасы Ислам Әбішевпен кездесіп, өңірдегі гидроқұрылымдарды жаңғырту арқылы суармалы егістік алқаптарын ұлғайту мүмкіндігін талқылады.
Бүгінде облыс аумағында суармалы егістік алқаптарын суландыру жұмысы 5 су қоймасы, 13 су торабы және ұзындығы 3077 шақырым болатын каналдар жүйесі арқылы жүзеге асырылуда. Алайда қазіргі таңда өңірдегі суармалы жерлердің 114 мың гектары ғана қолданыста. Алдағы уақытта облыс аумағындағы гидроқұрылымдардың техникалық әлеуетін арттыру арқылы суармалы жер көлемін 229 мың гектарға жеткізу жоспарланып отыр. Бұл орайда мемлекеттік бағдарламалар арқылы бірқатар нақты жұмыстар жүргізілуде. Мәселен, облыс аумағындағы 86 мың гектар суармалы жерлерді қайта қалпына келтіруге 42 миллиард 73 миллион теңге бөлінген. Сондай-ақ өңірдегі суармалы алқапқа жататын 38 мың 957 гектар алқапты республикалық меншікке қайтару шаралары қолға алынған. Мұнан бөлек, алдағы уақытта жалпы құны 6 миллиард теңгені құрайтын 3 жаңа су қоймасын салу және қолданыстағы 3 су қоймасына жөндеу жүргізу жоспарда бар. Сонымен қатар, Жамбыл, Шу, Қордай, Т.Рысқұлов, Меркі, Байзақ аудандарындағы жерлердің мелиоративтік жағдайын жақсарту үшін ондағы 281 дана ұңғыма мен ұзындығы 726 шақырым коллектор-дренаж жүйелері қайта қалпына келтіріледі. Су жүйелерін жаңғырту, жетілдіру жұмыстарының нәтижесінде облыстағы 229 мың гектар суармалы егістік алқабы толығымен игерілмек. Сол арқылы ауыл шаруашылығы дақылдарының өнімділігін 77 пайызға дейін арттырып, 50 мың жаңа жұмыс орындарын ашу көзделіп отыр. Өз кезегінде Ауыл шаруашылығы министрінің орынбасары мен Су ресурстары комитетінің төрағасы облыстағы суландыру жүйелерін жетілдіру, жаңғырту жұмыстарын жүргізуге тиісті деңгейде көмек көрсетілетіндігін атап өтті.
Облыс әкімінің баспасөз қызметі
Ұқсас жаңалықтар
Халықтық сайлау: тиімділік пен мүмкіндік
- 21 қараша, 2024
Аманат жүгі абыройға бастайды
- 19 қараша, 2024
Ақпарат
IQanat – жарқын болашаққа бастайтын жоба
- 28 қазан, 2024
Референдумнан қордайлықтар да қалыс қалмауда
- 6 қазан, 2024
АЭС салсақ - электр энергиясын экспорттаймыз
- 22 қыркүйек, 2024
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді