Н. Еркебаев азаматтарды "Skype" арқылы қабылдайды
ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Жамбыл облысы бойынша Департаменті Skype арқылы азаматтарды қабылдауды жалғастыруда.
Департамент басшысының орынбасары Нұрлан Еркебаев күнделікті 16.00-ден 18.00-ге дейін «Skype» бағдарламасы арқылы азаматтарды қабылдау өткізеді.
Департаменттің интернет желісіндегі мекенжайы: https://join.skype.com/invite/g6jL7x00HXZf
Видео-қабылдау үшін техникалық талаптарды сақтауларыңыз қажет. Атап айтқанда, сіздің құрылғыңызда (комьютер, телефон) «Skype» бағдарламасы, веб-камера, гарнитура (микрофон, құлаққаптар) орнатылуы тиіс.
Қоңырауды жүзеге асыру үшін Skype белгішесін басу немесе іздеу мәзірінде «ДДГСПК по Жамбылской области» контактіні табу және қосу қажет.
Ұқсас жаңалықтар
Қауіпсіздік пен адам құқықтарының арақатынасы қандай?
- 13 сәуір, 2026
Ақпарат
ЖИ: шетелде қалай, бізде қалай?
- 31 наурыз, 2026
Тұрғындарға тегін құқықтық көмек көрсетілді
- 31 наурыз, 2026
Зейнетақы жинағын мерзімінен бұрын алудың талабы қандай?
- 31 наурыз, 2026
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




