Назарбаев пен Путин еуразиялық ықпалдастық жайын және Украинадағы ахуалды сөз етті
- author «Ақ жол»
- 22 маусым, 2014
- 568
Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев пен Ресей президенті Владимир Путин еуразиялық ықпалдастық барысын және Украинадағы ахуалды телефон арқылы талқыға салды,-деп хабарлайды Tengrinews.kz Кремльдің баспасөз хатшылығына сілтеме жасай отырып.
"Екі елдің жетекшілері Еуразиялық Экономикалық Одақ аясындағы ықпалдастық жайын талқыға салды. Бұған қоса Украинадағы дағдарыс сондай-ақ бірқатар халықаралық мәселелер де айтылды" дейді аталмыш хабарламада.
Нұрсұлтан Назарбаев пен Владимир Путин жақын аралықтағы екі елдің қарым-қатынас кестесін қоса қарады. Бұл телефон арқылы әңгімелесуге РФ үкімет басшысы Дмитрий Медведев те қатысты.
Еске салайық, Еуразиялық Экономикалық Одақ келісіміне осы жылдың мамыр айында Астанада қол қойылды. Бұл одақтық бірігуге Кедендік одақ аясындағы елдер Қазақстан, Ресей, Беларус мемлекеттері енді. Қол қою рәсімі салтанатты түрде өтті. Мәлім болғандай, Еуразиялық Экономикалық Одақ дамудың жаңа сатысына жетелейді деп күтілуде.
Ұқсас жаңалықтар
Енді шақыртуға барған әр дәрігерде видео, аудио тіркегіш болады
- 2 желтоқсан, 2025
«Ауыл аманаты» жобасының арқасында мал басы көбейді
- 2 желтоқсан, 2025
Ақпарат
Шаруалардың маңдай тері ақталатын күн жақын
- 25 қыркүйек, 2025
Әлемде транзит үшін бәсеке күшейіп бара жатыр – Тоқаев
- 8 қыркүйек, 2025
Цифрландыру пойыздың кешікпеуіне көмектесе ме?
- 21 тамыз, 2025
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




