Саясат
Нұрсұлтан Назарбаевтың төрағалығымен Қауіпсіздік кеңесінің отырысы өтті
- author «Ақ жол»
- 22 ақпан, 2018
- 601
Нұрсұлтан Назарбаевтың төрағалығымен Қауіпсіздік кеңесінің отырысы өтті
Қауіпсіздік кеңесінің отырысында 2017-2020 жылдарға арналған Ұлттық қауіпсіздік стратегиясын іске асыру мәселелері, сондай-ақ Оңтүстік Қазақстан облысындағы қоғамдық-саяси және әлеуметтік-экономикалық ахуал қарастырылды.
Мемлекет басшысы былтыр қабылданған Ұлттық қауіпсіздік стратегиясы туындайтын қауіптер мен сын-қатерлерді анықтауға және оларға уақтылы тойтарыс беру шараларын қолдануға мүмкіндік беретінін атап өтті.
– Былтыр біз ұлттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету саласында бағдарламалық құжат қабылдадық. Ұлттық қауіпсіздік қорғаныс немесе ішкі саясатта ғана емес, сонымен қатар экономика, өскелең ұрпаққа тәрбие беру және басқа да барлық салаларда қамтамасыз етілуге тиіс, – деді Қазақстан Президенті.
Бұдан бөлек, жиын барысында Оңтүстік Қазақстан облысының әлеуметтік-экономикалық даму деңгейін көтеру, жаңа жұмыс орындарын ашу, инфрақұрылымды жетілдіру, сондай-ақ апатты жағдайдағы мектептерді қалпына келтіру, жаңа мектептер салу және өңірдегі діни экстремизмге қарсы іс-қимыл мәселелері талқыланды.
Отырыс қорытындысы бойынша Мемлекет басшысы орталық мемлекеттік және жергілікті атқарушы органдарға бірқатар нақты тапсырма берді. Дереккөз: akorda.kz
Ұқсас жаңалықтар
Референдумға қатысу – азаматтық борыш
- 12 наурыз, 2026
Бірлігіміз бекем, Тәуелсіздігіміз тұғырлы болсын!
- 12 наурыз, 2026
Ақпарат
Нарша
- 2 наурыз, 2026
Жамбылдың жауһар жырлары
- 26 ақпан, 2026
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




