Асанбай Асқаров Қазақстанның дамуына үлкен үлес қосқан, қабілетті ұйымдастырушы, талапшыл басшы болған. 1959-1985 жылдары Қазақстан Компартиясы Жамбыл, Алматы және Шымкент облыстық комитеттерінің бірінші хатшысы қызметтерін атқарды. Ол мемлекет алдындағы сіңірген еңбегі үшін Социалистік Еңбек Ері, «Алтын жұлдыз», Ленин, «Октябрь революциясы», «Еңбек Қызыл Ту» ордендерімен, көптеген медальдармен марапатталған. Оңтүстік өңірдің экономикасын көтеруге, халқының әл-ауқатын арттыруға елеулі еңбек сіңірген, 23 жыл бойы КСРО Жоғарғы Кеңесінің депутаты болып сайланған дара тұлғаның қолтаңбасы бар жеке заттары музейдің заттық, құжаттық қорының құндылығын арттырып отыр. «Ұлы Тұранның ұлдары» атты кітабының мұқабасы жасыл түсті, ою-өрнектермен безендірілген, 1998 жылы Алматыда шыққан. Алғашқы бетінде «Собственный экземпляр» деп қолмен жазылған, келесі бетінде «Бұл еңбегімді Тұранды қайта өркендетіп, өркениетті әлемнің қатарына қосу еншісі бұйырып тұрған бүгінгі және болашақ өскін ұрпақтарға арнаймын! А.Асқаров» деген өсиеті қалған. Кітапта атақты, әлемге аты мәшһүр ұлы ойшылдар мен қазақ кемеңгерлері туралы жазылған. ХХ ғасырдың 80-90 жылдары пайдаланған көзілдірігі қабымен сақтаулы тұр. Көзілдірік жиектері қоңыр түсті, қабының да түсі қоңыр, сақталуы орташа деңгейде, ескірген, жыртылған. Сыртына «VIII-сессия Верховного совета Казахской ССР (VI созыва)» деп жазылған, 1966 жылы пайдаланған қызыл түсті, қатты қайыстан жасалған қойын дәптерін қайраткер жұмыс барысында пайдаланған. Фарфордан жасалған, «Асанбай 1979» деген қара сиялы жазуы бар, бүйіріне айналдыра ою-өрнектер салынған, жылтыр бояумен сырланған қызыл түсті, дөңгелек пішінді тәрелкесі де ескірмеген жәдігер. Сондай-ақ 1974, 1984 жылдары Алматы қаласы Леңгір ауданында Л.Брежнев, Д.Қонаев, Н.Назарбаевпен және көптеген қоғам қайраткерлерімен бірге түскен ақ-қара түсті тарихи фотосуреттері, 1985 жылы пайдаланған қызыл түсті қаламсабы – жазатын ұшының түсі сары, орта тұсында «WA TEKMAN PARIS», жоғарғы бөлігінің қырында «SANTA FE PACIEFIC GOLD COKP» деген жазуы бар, сонымен қатар қызыл түсті көп пайдаланылған қарындашы сақтаулы. Қаламсап пен қарындаш салынған қорап қалың картоннан жасалған, сыртында түрік тілінде жазулар бар. Бұл жәдігерлердің барлығын музей қорына 2001 жылдың қазан айында Жұмакүл Олжабаева өткізген. Аталған жәдігерлердің ғылыми паспортын да өткізген бұл кісі туралы басқа ақпарат жоқ.
Ұқсас жаңалықтар
«Салауатты ауыл» қатары көбейіп келеді
- 17 қараша, 2024
Зертханалық диагностика мәселелері зерделенді
- 17 қараша, 2024
Ақпарат
IQanat – жарқын болашаққа бастайтын жоба
- 28 қазан, 2024
Референдумнан қордайлықтар да қалыс қалмауда
- 6 қазан, 2024
АЭС салсақ - электр энергиясын экспорттаймыз
- 22 қыркүйек, 2024
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді