«Ақ жол» демократиялық партиясы облыстық филиалының төрағасы Асан Қошмамбетовтің басқаруымен жемқорлықпен күрес жолдары сараланған жиында мекемелер арасында «Тежегіш тоспа» теріс жүлдесін тағайындау ұсынылды. Негізі бұл идея партия филиалының былтырғы кезекті есеп беру-сайлау конференциясында көтерілген болатын. Түпкі мәні – жең ұшынан жалғасқан жемқорлықты әшкерелеуінде. Нақтырақ айтсақ, темір жолда қолданылатын тежегіш тоспаның макеті сыбайлас жемқорлыққа ең көп бой алдырған мемлекеттік орган немесе мекемеге тапсырылады. Мекемелердің қандай сыбайлас жемқорлық сипатындағы қадамдар жасағаны құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитеттің облыс бойынша басқармасының ресми мәліметтері негізінде анықталатын болады. Сыбайлас жемқорлыққа қатысты баптармен сотталғандардың саны нақтыланып, сараптама тоқсан сайын жүргізіледі деп жоспарлануда. Жиынға қатысушылар аталған партияның өңірлік филиалы ұсынған теріс жүлде тігілетін конкурсты жариялауды бірауыздан қолдады. Соңында «Ақ жол» партиясының мүшелері облыс әкіміне үндеу жолдады. Онда Тараз қаласы 13-шағын ауданда құрылысы аяқталған көп қабатты үйлердің басым бөлігінің бос тұру себебін анықтап, «Нұрлы жол» бағдарламасымен кезекте тұрған азаматтарға беру, суармалы жерлерді тиімді пайдалану, Тараз қаласында істен шығып қалған арықтарды бақылауға алып, қайта жөндеу, облыс орталығына сәндік ағаштар егу туралы мәселелер қозғалған. Жиынды филиал төрағасы Асан Қошмамбетов қорытындылап, жемқорлықпен күресте бірлесіп жұмыстар атқара беретіндерін айтты.
Ұқсас жаңалықтар
Халықтық сайлау: тиімділік пен мүмкіндік
- 21 қараша, 2024
Аманат жүгі абыройға бастайды
- 19 қараша, 2024
Ақпарат
IQanat – жарқын болашаққа бастайтын жоба
- 28 қазан, 2024
Референдумнан қордайлықтар да қалыс қалмауда
- 6 қазан, 2024
АЭС салсақ - электр энергиясын экспорттаймыз
- 22 қыркүйек, 2024
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді