ХХІ ғасырда адамзат баласы төртінші өндірістік революцияға қадам басты. Ол технологиялардың күнделікті қызметтегі енгізілген жаңашылдықтардың негізінде жасалып жатқан жұмыстардың, яғни экономика, банк, байланыс, білім, медицина, қорғаныс, барлық сала цифрлық дамудың жолына түсті. Бұл еліміздегі сот жүйесін айналып өткен жоқ.
Сот жүйесіндегі ақпараттық технологиялар сот төрелігінің тиімділігін арттырып, іс жүргізудің ашықтығы мен жариялылығын қамтамасыз етіп, азаматтардың сотқа сенімділігін нығайтатыны анық. Мысалы қазірдің өзінде ақпараттық технологияны қолдана отырып, арызды беру және тіркеу сатысынан бастап заңды күшіне енген сот бұйрығын орындауға, жолдауға дейінгі азаматтық істердің жаңа тәртіпте қаралуы қағазбастылықты қысқартуға, сот жүйесіндегі жүктемені азайтуға мүмкіндік беруде. Электронды сот өндірісін іске қосудың негізгі мақсаты тұрғындардың сотпен байланысын жеңілдету, олардың өздеріне қолайлы кез келген уақытта сот төрелігіне жүгінуіне жағдай туғызу, сот үрдісінің ашық, айқын жүзеге асып, заң үстемдігін орнату екені белгілі. Бүгінде сот қызметінің дыбыс және бейне тіркеудің іске қосылуы электронды сот кабинетінің тиімділігін бұрынғыдан да арттыра түсті. Отандық сот жүйесі заң үстемдігін қамтамасыз етуге қатысты тапсырмаларды ойдағыдай орындап, іске асырып жатыр деп санаймын.
Ж. Оралова, аудандық соттың бас маманы
Жуалы ауданы
Ұқсас жаңалықтар
Жезқазғанда балаға қол көтерген тәрбиеші істі болды
- 23 сәуір, 2025
Ауданда қылмыс саны азайған
- 29 наурыз, 2025
Ақпарат
Тоқаев Ассамблея отырысында тіл мәселесін қозғады
- 24 сәуір, 2025
Ақсақалдар тағылымы – адам қоғамның кепілі
- 18 сәуір, 2025
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді