Аталған қызмет нотариус куәландыратын мүлікке билік етуден басқа сенімхат түрлері, ерлізайыптылардың келісімдері, некенің жоқтығы туралы өтініштер, консультациялар құжаттарды ресімдеуді онлайн форматқа ауыстыруға мүмкіндік береді. Қызмет e-Gov Mobile мобильді қосымшасының « E - notary » бөлімінде қолжетімді. «Цифрлық нотариат » жобасын енгізу Нотариаттық қызметтерді алу процесін цифрландыруға, сондай-ақ азаматтардың орналасқан ж е р і н е қ а р а м а с т а н , оның ішінде шетелде ж ү р г е н а з а м а т т а р ү ш і н ы ң ғ а й л ы л ы қ т ы жеңілдетуге және арттыруға мүмкіндік береді. Ол үшін E-gov Mobile-ға кіріп, нотариусқа бейне қоңырау шалу жеткіліктіі. Тиісті тексеру биометриялық сәйкестендіру және ЭЦҚға қол қою арқылы жүзеге асырылатын болады.
Цифрлық сенімхатты рәсімдеу үшін алдымен « e G o v M o b i l e » қосымшасына кіру қажет. О д а н ке й і н ө т і н і м д і толтырып, оған электронды цифрлық қолтаңба (ЭЦҚ) көмегімен қол қоюы керек. Артынша жеке басын растау үшін қосымшаның көмегімен нотариусқа бейне қоңырау шалады. Белгіленген тариф бойынша нотариустың қызметтеріне ақы төлейді. Соңында « Ц и ф рл ы қ қ ұ ж ат т а р » бөлімінде цифрлық сенімхат дайын тұрады.
Нотариаттық қызметті онлайн форматқа ауыстыру – уақыттың талабы. Өйткені елімізде бұл қызмет түріне деген сұраныс жоғары. Мәселен, 2022 жылы ел тұрғындарынан сенімхатты нотариалды түрде растауға 2 миллионан астам өтініш келіп түскен. Ал, өткен жылдың 1 қаңтарынан бері Жамбыл нотариаттық округінің нотариустары 2 352 онлайн-сенімхат 6 онлайн-консультация 757 онлайн келісім рәсімдеген.
– Облыста 208 нотариус бар. Жыл басынан бері н от а р и у с т а р 5 0 0 3 6 7 нотариаттық іс-әрекет жасап, бюджетке 283 077 284 теңге аударды. Орта есеппен әр нотариус айына 200 нотариаттық іс-әрекет орындайды. Нотариат саласында табысты іске асырылған «Цифрлық нотариат» жобасы ерекше атап өтуге лайық. Азаматтар бұл қызметтерді нотариусқа бармай-ақ, бейнеқоңырау арқылы ала алады. Барлық қ ұ ж а т т а р « Ц и ф р л ы қ қ ұ ж ат т а р » ж ү й е с і н д е с а қ т а л а д ы , – д е й д і облыстық нотариаттық округтің нотариусы Сәбит Мамедахунов.
Бұл қызметті кез келген нотариус өтініш берген сәтте еркін көрсете алады. «Цифрлық сенімхатты» мемлекеттік органдардың барлығында немесе талап ету орны бойынша қағаз түріндегі баламасымен теңестіруге болады . Бұл ретте , қауіпсіздікті қамтамасыз ету мақсатында «eGov Mobile» қосымшасында авторизациялау кезінде де, өтінімге қол қою кезінде де пайдаланушының биометриялық деректерін қолдана отырып электронды цифрлық қолтаңба пайдаланылады.
Нұрболат АМАНБЕК
Ұқсас жаңалықтар
Жалған сөздің жазасы ауыр
- 4 желтоқсан, 2025
Ата-анасы бөлек тұратын баланың құқығы қорғалған ба?
- 4 желтоқсан, 2025
Ақпарат
Шаруалардың маңдай тері ақталатын күн жақын
- 25 қыркүйек, 2025
Әлемде транзит үшін бәсеке күшейіп бара жатыр – Тоқаев
- 8 қыркүйек, 2025
Цифрландыру пойыздың кешікпеуіне көмектесе ме?
- 21 тамыз, 2025
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




