Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстандағы дипломатиялық миссиясының аяқталуына байланысты Ресей Федерациясының елшісі М.Бочарниковпен кездесті. Елбасы М.Бочарниковтың Қазақстан мен Ресей арасындағы қарым-қатынасты нығайтуға қосқан үлесін ерекше атап өтіп, оның Қазақстандағы дипломатиялық қызметіне ризашылық білдірді. – Сіз Ресейдің Қазақстандағы елшісі ретінде 11 жыл қызмет атқардыңыз. Бұл жылдар ішінде Қазақстан мен Ресей арасындағы қарым-қатынас нығайды. Біз дипломатиялық байланыстарымыздың 25 жылдығын атап өттік. Өңіраралық ынтымақтастығымыз дамып, жоғары деңгейдегі сапарлар мен кездесулеріміз жиілей түсті. Біздің серіктестігіміз – мемлекетаралық қарым-қатынастың жарқын мысалы, – деді Қазақстан Президенті. Кездесу соңында Нұрсұлтан Назарбаев М.Бочарниковты «Достық» орденімен марапаттады. Сондай-ақ, осы күні Мемлекет басшысы Астана және Қазақстан митрополиті Александрды қабылдады. Кездесуде Нұрсұлтан Назарбаев митрополит Александрдың Қазақстандағы қызметіне жоғары баға беріп, дін саласындағы мемлекеттік саясат мәселелеріне тоқталды. Ал бұрнағы күні Мемлекет басшысының төрағалығымен Қауіпсіздік кеңесінің отырысы өтті. Жиында Қазақстан Президен-тінің Америка Құрама Штаттарына ресми сапарының нәтижелері мен қол жеткізілген уағдаластықтарды жүзеге асыру жөніндегі шаралар қарастырылды. – Біз бүгін Қазақстан делегациясының АҚШ-қа ресми сапарының қорытындысын, соның ішінде АҚШ Президенті Дональд Трамппен, Вице-Президент Майкл Пенспен, басқа да басшылармен өткен келіссөздердің нәтижелерін талқылаймыз. Сондай-ақ, еліміздің мүддесі үшін бұл уағдаластықтардың орындалуына септігін тигізетін шараларды қарастыру қажет, – деді Елбасы. Қауіпсіздік кеңесі отырысының қорытындысы бойынша Мемлекет басшысы бірқатар нақты тапсырма берді.
akorda.kz
Ұқсас жаңалықтар
Енді шақыртуға барған әр дәрігерде видео, аудио тіркегіш болады
- 2 желтоқсан, 2025
«Ауыл аманаты» жобасының арқасында мал басы көбейді
- 2 желтоқсан, 2025
Ақпарат
Шаруалардың маңдай тері ақталатын күн жақын
- 25 қыркүйек, 2025
Әлемде транзит үшін бәсеке күшейіп бара жатыр – Тоқаев
- 8 қыркүйек, 2025
Цифрландыру пойыздың кешікпеуіне көмектесе ме?
- 21 тамыз, 2025
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




