Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Америка Құрама Штаттарына ресми сапарының қорытындылары жөнінде кеңес өткізді. Кеңеске Президент Әкімшілігінің Басшысы Ә.Жақсыбеков, Президенттің көмекшісі-Қауіпсіздік Кеңесінің хатшысы В.Жұмақанов, Президенттің көмекшілері Н.Онжанов пен Ә.Смайылов қатысты. Мемлекет басшысы АҚШ-қа ресми сапарының аясында өткізілген кездесулерді қорытындылап, қол жеткізілген уағдаластықтарды жүзеге асыру үшін бірқатар нақты тапсырма берді. – Сапар табысты болды. Ең бастысы, нақты мәселелер бойынша нақты уағдаластықтарға қол жеткіздік, – деді Нұрсұлтан Назарбаев. Сонымен қатар, Қазақстан Президенті шетелдік компаниялармен экономикалық ынтымақтастықты нығайтып, дамыту жөніндегі міндеттерді іске асырудың маңыздылығын атап өтті.
* * * Нұрсұлтан Назарбаев Ресей Федерациясының Президенті Владимир Путинмен телефон арқылы сөйлесті. Мемлекет басшылары әңгімелесу барысында екіжақты ынтымақтастықтың жағдайы мен перспективасын, сондай-ақ Қазақстан мен Ресейдің Еуразиялық экономикалық интеграция аясындағы өзара ықпалдастық мәселелерін талқылады. Екі ел көшбасшылары Нұрсұлтан Назарбаевтың Вашингтонға сапарына және Қазақстанның БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесіне төрағалығына байланысты күн тәртібіндегі өңірлік және халықаралық өзекті мәселелер жөнінде пікір алмасты.
akorda.kz
Ұқсас жаңалықтар
Референдумға қатысу – азаматтық борыш
- 12 наурыз, 2026
Бірлігіміз бекем, Тәуелсіздігіміз тұғырлы болсын!
- 12 наурыз, 2026
Ақпарат
Нарша
- 2 наурыз, 2026
Жамбылдың жауһар жырлары
- 26 ақпан, 2026
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




